Төлеби ауданында мұғалім ортеке қуыршағы ақылы балаларға домбыра үйретуде

Ленгір қаласында қалалық балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Маржан Керімшеева ұмыт болып бара жатқан қазақтың ортеке қуыршағын билету арқылы оқушылардың домбыраға қызығушылығын арттырып жүр. Оның оқушылары ортеке қуыршағымен байқауларға қатысып, өнерімен дараланып отырады.  

Screenshot_6.jpg

Маржан Файзуллақызының айтуынша, бұл өнерді үйренуге деген оқушылардың қызығушылығы жоғары екен. Оны үйрету де оқытушыға аса қиын соқпайтын көрінеді. Арнайы жасалған тұғырға орнатылған ортеке қуыршағына жалғанған жіпті домбырашы баланың саусағына байлайды екен. Оқушы аспапта ойнағанда саусаққа ілінген жіп ортеке қуыршағын қимылға келтіріп, билетеді. Осылайша баланың музыкаға деген сүйіспеншілігі оянады.  

– Мен оқушыларға домбыра үйретуде осы ортеке қуыршағын қолданған тиімді деп ойлаймын. Балалар қуыршақ ортеке биінің қызығына батып, мәз болып жатады. Бір қызығы, ортеке қуыршағын домбыраны ғана емес, ішекті аспаптардың барлығын қолдана отырып, билетуге болады, – дейді Маржан Керімшеева.

Жалпы, Маржан Файзуллақызының 30 жылдан астам ұстаздық тәжірибесі бар. Ол Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның Сүгір атындағы ұлт-аспаптар оркестрінде де жұмыс істейді. Ленгірдегі музыка мектебінің педагогтары да, оқушылары да осы мектепте аталмыш оркестрдің әртісі сабақ беретінін мақтан етеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер