Жетісай ауданындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында кілең үздіктер еңбек етуде

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы 2022-2023 оқу жылында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Осы мектеп ұстаздары, атап айтсақ, облыстық «Үздік интербелсенді сабақ-2023» байқауында аталған мектептің ағылшын тілі мұғалімі Айгүл Қалжанова жүлделі III орынды иеленсе, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тамара Қарабалаева I орын иеленіп, жеңімпаз атанды.  

Screenshot_7.jpg

Сонымен қатар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Динара Арашбаева мен мектепалды даярлық тобының мұғалімі Айжамал Бақыт жас мамандар арасында өткізілген «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас мұғалімдердің VI Республикалық байқауының аудандық кезеңінде жүлделі І орынды иеленіп, Түркістан облыстық байқауына жолдама алды. Сөйтіп ол байқау нәтижесінде Динара Арашбаева облыстық кезеңде жүлделі ІІІ орынға ие болса, Бақыт Айжамал «Креативті педагог» номинациясына ие болды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ангела Назарбекова облыстық «Поэзия әлемі» атты мұғалімдер арасында өткізілген ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеңінде үздік еңбегімен көзге түсіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. 

Мұғалімдер арасында өткізілген пән олимпиадаларының аудандық кезеңінде тарих пәнінің мұғалімі С.Құлжанов I орын, география пәнінің мұғалімі Р.Бейсенова мен физика пәнінің мұғалімі Г.Авхунбаева II орынды жеңіп алса, биология пәнінің мұғалімі С.Абдуова Алғыс хатпен марапатталды. Пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында озық идеясы және шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп, жүлделі III орынды Құлжанов Сапарғали қанжығасына байлады. Ал Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Үздік педагог» куәлігімен физика пәнінің мұғалімі Раим Набатов марапатталды.

Бұдан бөлек, мұғалімдер арасында өткен «Robocon-2023» робототехника чемпионаты «RoboTur» ІІІ аудандық іріктеу кезеңінде математика пәні мұғалімі Сейдулла Исабек пен информатика пәні мұғалімі Байдулла Азамат І-орын иеленсе, Түркістан облыстық кезеңінде де жеңісті қолдан бермей, І- орын иегері атанды. Информатика пәні бойынша «Robocon» пән олимпиадасында информатика пәні мұғалімдері Жанагүл Чалабаева, Бахытжан Өтепбергенов пен Досхан Шохан Алғыс хатпен марапатталды. 

«Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінде Сарсекүл Сариева мен Райхан Бейсенова ІІІ-орынға ие болды. «Заманауи білім беру жүйесінде Қадыр мұрасы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясында бастауыш сынып мұғалімі Гүлвира Уалиева баяндама оқып, арнайы дипломмен марапатталды. 

МАДС «Үздік педагог» және МАДС «Пед идея» байқауларының аудандық кезеңінде мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Гаухар Айбекова ІІІ-орын иеленді. «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының аудандық іріктеу кезеңіне оқушыларды дайындағаны үшін көркем еңбек пән мұғалімдері Жанар Қайырбекова мен Антонина Колеватова Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. 

Аталған білім ордасының мұғалімдері әдебиет пен басқа пәндер байқауларынан жүлдесіз қайтпаған. Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан. Сондықтан білікті де білімді, шәкірт жүрегіне нұр сәулесін шашатын ұстаздарымыз көп болғай!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер