Түркістан қаласында Білім-Инновация лицейі салынуда

Түркістан қаласында Білім-Инновация лицейінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, 700 орынды оқу ғимараты базасында 30 сынып, 15 лабораториялық, 23 қосымша кабинет бар. Заманауи білім ошағында мәжіліс залы, спорт залдармен гимнастика залы да бар. Ал, асханасында  бір мезгілде 250 адам тамақтана алады. 

Screenshot_9.jpg

Ұлдар мен қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейін жаңадан құру бойынша 400 орындық ер балаларға және 300 орындық қыз балаларға арналған. Мектеп-лицейін ашуды, ұлдар және қыздар лицейін бір оқу кешенінде орналасқандықтан экономикалық тиімділік мақсатында бір директор тағайындау жоспарланған. Оқу ғимаратына жапсарлас орналасқан 500 орынды жатақханасы да бар.  Ұлдар мен қыздар оқу процессінде де бөлек оқып, жатақханада да 2 түрлі блокта тұрады. 

Жауапты мердігер компания өкілдері қазірге таңда құрылыстың 70 пайызын аяқталғанын айтады. Сыртқы-ішкі әрлеу жұмыстары мен техникалық базамен қамтамасыз ету қалды.  Сондай-ақ, білім-инновация лицейінің жаңа ғимараты осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында беріледі деп күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер