Түркістан облысында 190 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен қамтылады

Түркістан облысында оқушылардың демалысын ұйымдастыру және ыстық тамақпен қамту мәселесі оң шешімін тауып келеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, облыста 190 мыңнан астам оқушыны ыстық тамақпен қамту көзделген. Биыл 41597 балаға қала сыртындағы лагерлер, 153 мың балаға мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылған. 

Screenshot_11.jpg

- Бұл лагерлерде әлеуметтік жағдайына байланысты 23207 бала бюджет есебінен тегін демалуда. Қазір 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалуда. Сонымен қатар «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Облыста 7 мемлекеттік және 10 жекеменшік лагерь бар. Демалыс лагерлерінде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынған. Кәсіпкерлерге тиісті талаптар қойылған. Әлеуметтік желіде кейбір ата-аналар жазғы сауықтыру лагері жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізіп, ата-аналарға ұл-қыздарын алып қайту жөнінде жариялаған. Осыған байланысты ата-аналар арасында түсініспеушілік туындаған. Аталған мәселені зерделеу үшін тиісті комиссия құрылып, құзырлы органдар тарапынан балаларды қабылдайтын лагерлер тексерілді. Әлеуметтік желіде жарияланған балаларды ұрып-соғу, ашыған сүт беру, екінші қабаттан құлауы жөніндегі деректер жалған екені анықталды. Аймақта лагерлер тұрақты қадағалауда. Балалардың жазғы демалыс мәселесі өзімнің жеке бақылауымда болады, – деді Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, өңірдегі бастауыш сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту қолға алынғанын жеткізді.  Қыркүйек айынан бастап облыста бастауыш сыныптағы 190 мыңнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылады. Асханасы жоқ мектептерде де тамақтандыруды үйлестіру жұмыстары жүргізілуде дейді аймақ басшысы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер