Түркістан қаласында бүлдіршіндер байқауы өтті

Түркістан қаласындағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы залында «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» облыстық байқауы өтті. Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының  ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отырған байқауға аудан, қаладан іріктелген 16  бүлдіршін қатысты.  

Screenshot_20.jpg

Байқаудың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру мекемелері бүлдіршіндерінің қазақ тілінде сөйлеу деңгейін көтеру, олардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттері мен белсенділіктерін арттыру, сөздік қорларын молайту, өз ойларын тез әрі жылдам жеткізуіне ықпал ету. 

Байқау 3 кезеңнен тұрады.  Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін, отбасын және балабақшасын таныстырды. Екінші кезеңде экранда берілген суретке қарап тақырыпты тарқатып ашу, берілген тапсырманы бүлдіршін еркін сөйлеп, ойын ашық жеткізу. Ал, үшінші кезеңде үміткерлер өз өнерін көрсету. 

Қазылар алқасы әрбір баланың өнерін тамашалап, өзара ақылдаса отырып шешім қабылдады. Атап айтқанда, Айша Оразбай бас жүлде иегері атанса, Айназ Бекмұрат жүлделі І орынды иеленді. Сонымен қатар Дінмұхаммед Сейтқазы, Амина Сапарбек жүлделі ІІ орынмен, Інжу Баттал, Айкөркем Базарбай, Қасиет Асқар ІІІ орынмен марапатталды.

Байқау талабы бойынша қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде бүлдіршіндердің тіл тазалығына, сөздік қорына, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілетіне, киім үлгісі мен шығармашылық күрделілігіне баса назар аударды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер