Түркістан қаласында «Қауіпсіз мектеп» бағдарламасы аясында балалар құқығын қорғау шаралары күшейтілд

Түркістан облысында балалар құқығын қорғалған. Аталған мәселе облыстық білім басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен өткен  дөңгелек үстел барысында да қаралған болатын.

Дөңгелек үстелді ашып, жүргізген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылықтың алдын алу жайында сөз қозғады. 

- Өздеріңіз білетіндей Түркістан облысы үлкен өңір. Бізде 1000 мектеп, 515 мың оқушы 1300-ден астам балабақша және 2-6 жас аралығында 150 мыңдай бала бар. Өңірімізде осыншама бала болғандықтан, олардың қауіпсіздігін сақтау, келеңсіздіктерден қорғау оңай шаруа емес екені анық. Осының алдын алу үшін бүгінде облыста тиісті жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде өңірдегі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғауға жауапты басқармаларымен бірлесе кәмелетке толмаған балаларға қатысты барлық мәліметтердің қамтылуы жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде баланың психологиялық портреті, оның отбасылық жағдайы секілді ақпарттар бар. Ол жерге аталмыш басқармалар ғана кіріп мәліметтермен таныса алады. Біз жергілікті құқық қорғау органдарымен бұл жобаны жасақтап жатырмыз. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1 мен 4 сынып оқитын 193 мың бала 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, «Қауіпсіз мектеп» бағдарламасы бойынша облыста алты категория бойынша, яғни, камера, турникет, күзет, қоршау, дабыл батырмасы және әжетханаларды реттеу үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып отыр. Бұл жұмыстар балалардың қауіпсіздігі мен қамқорлығы үшін жасалынып жатқан қызметтер, -  деді Бейсен Тәжібаев.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева қатысып, бала құқықтарына қатысты өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстарға, өзекті мәселелерге тоқталды. Одан бөлек, Түркістан облысының қоғам белсенділері, облыстық мәслихат депутаттары және «AMANAT» партиясының жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, отбасын қолдау орталығы, облыс әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдердің ісі жөніндегі комиссия мүшелері, бала құқықтары жөніндегі облыстық уәкіл, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өз кезегінде  ойларын ортаға салып, тұщымды ұсыныстарымен бөлісті. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, жақында отбасы, әйелдер, балалар мәселелері бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік бірыңғай желі, яғни, колл-орталық құрылады. Сондықтан, 111 нөмірінің плакаттарын барлық аулаға, білім беру мекемелеріне, дүкендерге және халық жиі жиналатын орындарға орналастырып, халық арасында насихатын күшейту керектігін айтты. 

Бұдан бөлек, дөңгелек үстелде балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын ашуды қарастыру, мектеп қабырғасында бала құқықтарын түсіндіру, көмек көрсететін сенім телефондарының нөмірлерімен таныстыру, өзін-өзі қорғау курстарын жүргізу, жеке қауіпсіздік шараларын түсіндіруді қамтитын қауіпсіздік сабақтарын енгізу жайында да ұсыныстар айтылды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер