Мақтааралдық оқушылар өнер сайысында шеберліктерін шыңдады

Мақтаарал ауданында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында қызықты іс-шаралар өтікізіліп келеді. Атап айтсақ, ауданда «Ағам, әпкем және мен – бір туристік отбасымыз» атты спорттық жарыс өтті.

Screenshot_24.jpg

Сайысқа Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйытқы болды. 

Байқаудың мақсаты - балаларды жазғы сауықтыру бойынша қала сыртындағы базасында демалушы балалар арасында қызығушылықтарын арттыру, шыдамдылықтарын, ептіліктерін байқау, денсаулықтарын нығайту. Жаз мезгіліндегі бұл жарыс балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өздерінің қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қолдауымен ІІІ маусым демалушы балалар арасында «Жұлдызды сәт»  байқауы мен «Су асты патшалығында»  атты сайыстар өткізілді. Байқау балаларды өзара бәсекелестікке жетелеу, логикалық қабілетін дамыту, қиыннан мүдірмей тез шешім тауып шыға білуде зор септігін тигізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер