Келес ауданында 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде

Келес ауданында білім мекемелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасуда. Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиевтің айтуынша, жыл өткен сайын тозығы жеткен білім ошақтары жөндеуден өтіп, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалуда.

Screenshot_25.jpg

Биыл өңірде 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар Біртілек ауылдық округіндегі №11 Жолбасшы және Қошқарата ауылдық округіндегі №28 Мақташы мектептері.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласына баса мән берді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» дейді Президент. Жалпы мектептердегі білім сапасын арттыруға бүгінгі таңда жасалып жатқан игі істер де өз септігін тигізуде. Атап айтсақ, бүгінде ауданда жалпы 65 мектеп болса, соның екеуі жеке меншік білім беру ұйымы болып табылады. Қалғаны мемлекеттік. Жыл сайын бөлім тарапынан ғимараттарға зерделеу жұмыстарын жүргізе отырып, жөндеуді қажет ететіндеріне сұраныс береміз. Нәтижесінде биыл екі мектеп күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілсе, екі мектептің  құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда әрі қарай жалғасын табуда, - дейді Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев. 

Бұдан бөлек, келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында  Ошақты ауылдық округі, Ошақты елді мекеніндегі №46 Абай атындағы жалпы орта мектепке қосымша  300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал   құрылысы мен Қошқарата ауылдық округі, Бесқұбыр елді мекеніндегі С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қос мектеп те биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа берілуі көзделген. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер