Келес ауданында бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан төрт мектеп бар. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың айтуынша, биыл Қошқарата ауылдық округінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 300 орындық білім ошағы пайдалануға беріледі.
Бесқұбыр елді мекеніндегі С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне қосымша салынып жатқан асхана, спорт зал және оқу корпусының құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Оның құрылысын «Қаратау ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізілуде. Бұдан бөлек, осы елді мекеніндегі өзекті мәселелерді шешу бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда спорт алаңшасының құрылысын кестеге сәйкес аяқтау бойынша келісілген схемалары сызылып, ауданның тиісті бөлімі эскиздерін сызуда. Оған апаратын жолға асфальт салу, айналасын абаттандыру бойынша ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс беріліп, жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ Бесқұбыр елді мекеніндегі емхана құрылысы бойынша қазіргі таңда 1 Мамыр жалпы орта мектебінің ескі ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, емхана қызметкерлері сол ғимаратқа көшірілген. Әкімшілік ғимаратының құрылысының келісілген схемасы сызылып, ауданның тиісті бөліміне ұсыныс берілген. Қазіргі таңда сәулет-жоспарлау әзірлеу мақсатында эскиздері сызылуда. Үлкен стадион құрылысына эскизды жоба жасау бойынша келісілген схемасы сызылып, ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне ұсыныс берілген. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуінде де айтқан болатын.
- Қошқарата ауылдық округі ауданымыздағы даму перспективасы жақсы қалыптасқан ірі өңірлердің бірі болып табылады. Өткен кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер жөнінде іс-шара жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелерінің орта жөндеу жұмыстары қатаң бақылауға алынып «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жұмыстар жүргізіліп, осы жылы іске асырылатын болады. Бәйтерек елді мекеніндегі медициналық пункт құырылысы бойынша жері анықталып, ауыл әкімінің шешімі шығарылды. Газ, жарық, су мекемелерінен техникалық шарт алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл-2 елді мекенінде медициналық пункт құрылысы бойынша жері анықталып, ауыл әкімінің шешімі шығарылды. Газ, свет, су мекемелерінен техникалық шарт алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәдениет үйінің құрылысын мердігер «Векстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Ол жақында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, ауылдық округінің 9 ауылы биыл толық табиғи газбен қамтылады. Тағы бір атап өтетін нәрсе, биыл Бесқұбыр елді мекеніндегі С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне қосымша салынып жатқан 300 орындық оқу корпусы жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілетін болады, - деді аудан әкімі.