Мақтаарал ауданындағы Еркінабад пен Мырзакент елді мекендерінде орта мектеп пен спорт кешені салынуда. Аталған ауылдардағы нысандардың құрылыс жұмысының барысымен танысқан Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ондағы мердігерлердің жұмысына лайықты бағасын берді.
Аудан әкімінің айтуынша, Бірлік ауылдық округі Еркінабад ауылына 200 орындық жаңа мектеп ғимараты салынуда екен. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен құрылысы жүріп жатқан нысанның бас мердігері – «Казспецстрой 2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Нысанның авторлық қадағалаушысы «Мелиосервис-К» болса, ал техникалық жағынан бақылауды жүргізіп отырған «Абил Строй Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Бүгінгі таңда мектеп пен спорт құрылысының жұмыстарына басымдық берілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жолдауында әлеуметтік және білім нысандарын көптеп салу керектігін тапсырған болатын. «Жайлы мектеп жобасы» соның бір дәлелі. Бүгінгі таңда еркінабад елдімекенінде салынып жатқан 200 орындық білім ошағының жобалық құны 522 миллион теңгені құрайды. Заманауи мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстары өтпелі, оны 2024 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Жаңа мектеп ғимаратында оқушылар үшін барлық жағдайлар қарастырылатын болады. Атап айтқанда, физика, химия, информатика, технология кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық кабинеттері соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталады. Сондай-ақ, кітапханасы, спорт залы, асханасы болады, - дейді аудан әкімі.
Аудан басшысы құрылыс нысанының жобалық-сметталық құжаттамаға сәйкес сапасын тексеріп, кейбір орын алған кемішіліктер бойынша мердігер мекеменің басшылығына ескертулер берді. Сондай-ақ, нысанды өз уақтыныда тапсыру керектігін атап өтті.
Сондай-ақ аудан әкімі Мырзакенттегі құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу қалған спорт сарайымен де танысқан еді. Қазіргі таңда құрылыс нысанының ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айында пайдалануға берілетін нысан аудан жастарының көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуына мүмкіндік береді.
Спорт сарайы 2 қабаттан тұрады. 2 үлкен спорт залы, жаттығу залы және сабақ өтуге арналған арнайы залдары бар. Бірінші қабаттағы спорт залында спорттың гандбол, баскетбол, волейбол түрлері дамытылатын болады. Ал, екінші қабаттағы спорт залында күрес, бокс, гимнастика, ауыр атлетика, жеңіл атлетикамен айналысуға барлық жағдай қарастырылған.
Бұдан бөлек, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузельдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған. Аудан басшысы құрылыс нысанының жобалық-сметталық құжаттамаға сәйкес сапасын тексеріп, кейбір орын алған кемішіліктер бойынша ескертулер берді. Сондай-ақ, нысанды өз уақтыныда тапсыру керектігін атап өтті.