Мақтаарал ауданында 230 оқушы Төлеби ауданындағы тау баурайында демалатын болды. Мектеп оқушыларының асыға күткен жазғы демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізу мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл Мақтааралдық 230 оқушы «Қазақстан Халқына» Қоры тарапынан ұйымдастырылған жазғы демалысын Төлеби ауданындағы «Қуаныш» лагерінде демалыстарын қызықты өткізуге мүмкіндік алды.
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, лагерьді ұйымдастырудағы басты мақсат – жаз мезгілінде балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, балалардың тұлғалық қабілетін арттыру. Сонымен қатар, жасөспірімдерде кездесетін құқық бұзушылықтың алдын алу, 2023 жылғы жаз мезгіліндегі балалардың сауықтыру демалысын тиімді ұйымдастыру.
І кезең бойынша 80 оқушы тиісті құжаттарын рәсімдеп, Төлеби ауданы, Біркөлік елді мекеніне қарасты «Қуаныш» лагеріне 15 шілде күні жіберілді. Ендігі кезде екінші кезеңі бойынша тиісті құжаттары рәсімделуде екен.
- Тау бөктерінде орналасқан жазғы сауықтыру лагеріне жолға шыққан оқушылардың жүздерінде күлкі, көңілдері көтеріңкі. Демалушы жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын қызықты да әрі мазмұнды өткізу үшін түрлі мәдени, спорттық шоу бағдарламалық іс-шараларға қатыстыртырып оларды шығармашылық еңбекке баулуды басты мақсатымыз. Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі қауіпсіз өткізу үшін барлық жағдай жасалған, - дейді аудан әкімі.