Түркістан облысында жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысы қызу жүруде. Онда демалып жатқан балалардың көңіл-күйлері жоғары. Осы ретте Түркістан облысы әімдігі білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы бірқатар жазғы сауықтыру лагерлерін аралады. Сөйтіп, балалардың лагердегі жағдайын көріп қайтты.
Басқарма басшысы өзінің кезекті жұмыс сапарын Төлеби ауданынан басталды. Сөйтіп Қасқасудағы «Көктөбе», Керегетастағы «Тау гүлі», Қайнардағы «Тау шыңы», Екпіндідегі «Біркөлік шатқалы», Біркөліктегі «Қуаныш», Сарыағаштағы «Балдаурен» сауықтыру лагерлерінің тыныс-тіршілігімен танысты.
- Биыл Төлеби ауданында әлеуметтік статусқа ие 1000 оқушыны «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қоры есебінен жергілікті лагерьде демалдыру жоспарланған. Осы оқушылардың 250-і Төлеби ауданындағы табиғаты тамылжыған Біркөлік елдімекенінде орналасқан «Қуаныш» лагерінде демалды. Қалған 750 төлебилік оқушы Қазығұрт ауданы, Көкбел ауылы, С.Рахимов елді мекеніндегі «Қазығұрт» лагерінде алдағы үш маусымда демалады. Әр маусымның ұзақтығы 10 күн. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры есебінен төлебилік оқу үздіктері, пән олимпиадаларының, спорт жарыстарының, өнер байқауларының жүлдегерлері, барлығы 3390 оқушы Төлеби ауданындағы «Көктөбе», «Қуаныш» лагерьлерінде демалуда. Сондай-ақ, биыл білім қызметкерлері кәсіподағы Төлеби аудандық комитетінің ұйымдастыруымен аталмыш кәсіподақ мүшелерінің 120 баласы жазғы демалысын жергілікті лагерьлерде өткізді, - дейді бізге берген сұхбатында Түркістан облысы әімдігі білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.