Сарыағаш ауданындағы Дербісек ауылында 900 орындық мектеп құрылысы салынуда

Сарыағаш ауданында тағы бір мектеп құрылысы «Жайлы мектеп жобасы аясында салынатын болды. Ол нысан бүгінгі таңда Дербісек елдімекенінде бой көтеруде.

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жаңадан салынып жатқан мектеп ғимараты 900 орындық.  

- Ұлттық жоба аясындағы республикамызда 2024-2025 жылдары жалпы 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 және 2500 оқушы орнына арналған екі ауысымды мектептер салу жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының қолға алынатынын жария еткен еді. Осылайша 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешіп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтылмақ, - дейді аудан басшысы

Айта кетсек, аталған елдімекенде «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу үшін 3 гектар жер телімі бөлініп, оның құрылыс жұмыстарына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлінген. Қазіргі таңда мектептің құрылыс алаңының жерлерін тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне құрылысты жобаға сәйкес мерзімінде жүргізіп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ аудан әкімі Арман Абдуллаевтың жұмыс жоспарына сәйкес Сарыағаш қаласындағы апаттық жағдайдағы №2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебіндегі құрылыс жұмыстарын қайтара барып көрді. Айта кетсек, аталған мектептің ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты бүгінгі таңда апатты ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта мердігер мекеме анықталған соң, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 300 орындық мектеп ғимараты салынатын болады.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповқа мектеп ғимаратын бұзу жұмыстарын тездете отырып, жаңа мектепке арналған жерді құрылысты бастауға дайындауды тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер