Қазұғырт ауданында бөбекжай-балабақша бүлдіршіндері спорт түрлерінен жарысқа түсті

Қазығұрт ауданындағы бөбекжай-балабақшаларында жазды есте қаларлықтай өткізу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Screenshot_59.jpg

Атап айтсақ, соның ішінде, көңілді жазды керемет өткізу мақсатында «Балдәурен» бөбекжай - балабақшасы және «Зат» бөбекжай- балабақшасы арасында «Ой мен ойын» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

- Өскелең жас ұрпақ кемел адам болып қалыптасуы үшін оларды кішкентайынан спортқа, білім мен ойлау дағдыларын қалыптастыруға күш салудамыз. Сол ойын түрлері арқылы бойларына ұлттық тарихымыз бен мәдениетін, ұлттық құндылықтарымызды сіңіруге күш салудамыз. Олардың осы аталған құндылықтарды біліп өскені маңызды. Біз балаларға тәрбие берумен қатар, рухани дамуын, дүниетанымы кең болуын да қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл бағытта Президент мектеп пен балабақша тәрбиеленушілерінің тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін дәрістер ұйымдастыруды тапсырды. Осы бағытта балаларды ойын спорттық іс-шараларға тарту арқылы білім мен біліктілік дағдыларын бойларында қалыптастырудамыз. Бала ойынмен өседі. Ойнау арқылы дүние танымды таниды, - дейді шараның ұйымдастырушылары.  

Мұнда тәрбиешілер «Достық», «Қыран», «Жасұлан» атты үш топқа бөлініп, өз ұстанған ұрандарымен ортаға шықты. Спортпен қатар ой ұшқырлығы, білім жарыстарында бақ сынасты. 

Бойдағы қорқыныштарын қаншалықты жеңе алатындығына көз жеткізу мақсатында «Бұл не?» ойыны ойнатылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты ынтымақ, бірлікпен топта жеңіске бірге жету болғандықтан, «Жасұлан» тобы толық ұпаймен алға озып жеңіс тұғырынан көрінді. Тәрбиешілер балалардың өнерінен, біліктілігі мен ептіліктеріне сүйсіне отырып тамаша әсерге бөленген болатын. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер