Бәйдібек ауданына қарасты Шаян ауылында 300 орындыө мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбековтың айтуынша бұл білім ошағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынуда екен.
- Биылдан бастап ауданымызда Президентіміздің тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алынды. Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда ауданымызда осы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 300 орындық бір мектеп құрылысының жұмысы Шаян ауылында басталып отыр, - дейді аудан басшысы.
Ол мектепке апаратын көшелерге асфальт жолдар төселеді. Жанында автобус аялдамалары ашылады. Барлық инженерлік инфрақұрылымды да қамтылады. «Мұның бәрі жайлылық ұғымына кіреді, тиісінше осы мәселелердің барлығы жобада қарастырылады. Бір сөзбен айтсақ, ұлттық жоба 800 мың балаға арнап, жоғары стандарттарға сәйкес заманауи, жайлы мектеп салынады дегенді білдіреді. Оған өте сапалы құрылыс материалдары қолданылады. Балалар үшін тиісті жағдайлар жасалады. Қауіпсіздік жүйелері де енгізілетін болады», – деді аудан әкімі.
Оның құрылыс жұмыстарын «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы жүргізді. Аудан әкімі жаңа құрылыс басына келіп, компания өкілдерімен кездескенде, ондағы жұмыс барысымен танысты. Құрылысқа кедергі болатын бағаналарды ауыстыру жөнінде жауапты мекемеге тапсырма берді. Сонымен қатар асфальт бетон жамылғысын төсеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан ондағы көшеге асфальт төсеу жұмыстарын ертерек бастауды ескертті.