Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Жазғы демалыс» аясында мектеп оқушылары арасында Қаратау жалпы орта мектебінде дебат жетекшісі Д.Кішкенованың ұйымдастыруымен «Жазғы демалыс – жаз қызығы» атты тақырыбында дебат пікірсайыс турнирі өтті. Оған бірнеше мектеп оқушылары қатысып, өзара пікір таластырды.
Пікірсайыстың мақсаты – жазғы демалысты көңілді өткізу, мектептер арасында жолдастық кездесу. Оқушыларды ізденуге, жан-жақты дамуға тәрбиелеу. Аталған дебатқа Боралдай аймағындағы Теректі, С.Ерубаев, Тайманов атындағы және Боралдай, Қаратау жалпы орта мектептерінің фракциялары қатысты.
Дебат барысында оқушылар тақырыпқа «мемлекет бөлген лагерьдің жұмысы ақталды», «жазғы демалыс уақытын қысқарту керек», «жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін сақтайтын бір тиімді жолды көрсетеді» атты тақырыптар аясында ой қозғап, пікір таластырды.
Тақырыпты ашу барысында оқушылар лагерлердің жағдайын, ондағы ұйымдастырылатын іс шара барысын, тамақ мәселесін көтеріп, өз ойларын ашық білдірді.
Тартысты ойын нәтижесінде Қаратау жалпы орта мектебінің «Жебе» фракциясы жүлделі І-орынды жеңіп алды. Ал С.Ерубаев атындағы жоғары орта мектебінің «Саналы ұрпақ» фракциясы ІІ-орынды иеленсе, О.Тайманов атындағы жоғары орта мектептің «Ақиқат» фракциясы ІІІ-орынды қанағат тұтты.