Созақ ауданының 100 оқушысы лагерьге жіберілді

Созақ ауданынан Төлеби ауданы, Қасқасу аймағында орналасқан «Көктөбе» лагеріне кеше 100 оқушысы жіберілді. Созақ аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, бұған дейін онда ауданның бір-екі тобы демалысын өткізіпті.

Screenshot_70.jpg

- Кеше созақтық 100 үздік оқушы «Көктөбе» жазғы сауықтыру лагеріне демалуға жіберілді. Табиғат аясындағы демалыстарын асыға күткен балалар лагердегі күндерін жақсы көңіл күймен бастап кетті. Жазғы балалар сауықтыру лагерінде спорттық сайыстар мен түрлі ұлттық, заманауи би жарыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ балалар дәруменге бай тағамдармен тамақтанып, суға түсу, танымдық сайыстар тағы солсияқты сауықтыру шараларына лагер қызметкерлерімен бірге белсене қатысуда. Балалар жаңа ортада жаңа құрбы-достар тауып, жүздерінде күлкі, көңілдері көтеріңкі қалпында демалыстарын сәтті өткізуде, - дейді Созақ ауданының білім бөлімі қызметкерлері.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, дарынды ауыл балаларының интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, қолдау көрсету мақсатында «Жазғы сауықтыру және демалыс жолдамасы» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында демалатын оқушыларға тегін жолдама берілген. 

Демалыс орнында оқушылар үшін уақыттарын тиімді өткізіп, спорттық және интеллектуалдық шаралар ұйымдастырылмақ. Балаларға жаңа дос тауып, көңіл көкжиегін кеңейтіп, жаз мезгілін барынша қызықты өткізуге жағдай жасалған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер