Түркістан облысында жаңа оқу жылында 6 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістан облысында биыл 33 мектептің құрылыс жұмысын жүргізу үшін түрлі қаржыландыру көздерінен 23,6 миллиард теңге қаралған. Жалпы осы жылы 20 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 6 мектепті 1 қыркүйекте ел игілігіне ұсыну көзделіп отыр. 

Screenshot_71.jpg

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл мәселені өз бақылауында ұстап келеді. Кеше облыс әкімі аппаратының апталық отырысында да талқыланып, облысының әкімі құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауға алып, уақтылы аяқталуын қадағалауды тиісті басқармаларға тапсырған еді. Сонымен бірге мектептердегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтау керектігін де ескерткен болатын.  

Түркістан облыстық құрылы басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің айтуынша, Сарыағаш ауданында 300 орындық, Сайрам ауданында 300 орындық, Түлкібас ауданындағы 150 орындық, Арыс қаласындағы 200 орындық мектептердің құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде,  1 қыркүйекте тапсырылады. Келес ауданындағы Абай атындағы №46 мектепке қосымша 300 орындық ғимарат салу жұмысы да қатаң бақылауда. Сонымен бірге Түркістан қаласында 500 орындық жатақханасы бар 700 орынға арналған мектеп-интернат та жаңа оқу жылында ашылады деп күтілуде. Басқарма тарапынан өз міндеттерін дұрыс атқармай отырған мердігерлерге заң аясында шаралар қабылданып, айыппұлдар салынған. 

Ал Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, Түркістан білім басқармасына қарасты 1275 білім беру мекемесі жұмыс істейді екен.  2021 жылы – 13 мектеп, 2022 жылы 16 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2023 жылға 20  білім ошағын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге  бюджеттен  қаржы қаралған.  Қазіргі таңда 4 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілген. 11 мектеп қыркүйек айына дейін дайын болмақ. 5 мектептің қаржысы мен жөндеу жұмыстары  2024 жылға өтпелі екен.

– Мектептер өз уақытында салынып, ел игілігіне берілуі тиіс. Құрылыс жоспары, мерзімі бойынша қателікке жол беруге болмайды. Қазір бюджетте қаражат тапшы екенін білесіздер. Әрбір тиынды тиімді жұмсап, міндетті сапалы атқарған жөн. Құрылысы кешеуілдеп жатқан кейбір білім ұяларына жауапты мердігерлерге қатаң ескертіңіздер. Жұмыс жоспардағыдай жүрмейтін болса, жауапты басқарма мен өзге де мекеме басшыларының жауапкершілігін де қараймыз. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толық аяқталуы қажет. Құрылыс баяу жүріп жатқан нысандарда іс барысын бақылап, жұмысты жандандырыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер