Сарыағаш ауданында жаңа оқу жылында күрделі жөндеуден өтіп жатқан 4 мектеп пайдалануға беріледі

Сарыағаш ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 4 мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде. Жалпы «Ауыл – ел бесігі»жобасы ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, шалғай ауылдарды да аудан стандартына сай әрі модернизацияға лайық етіп, жаңа бір деңгейге көтеру мақсатын көздейді. 

Screenshot_79.jpg

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, бүгінгі таңда осы жоба аясында аудандағы №16 И.В.Панфилов, №8 С.Айни, № 36 Тоқмұхамедов атындағы және №13 Мәңгілік ел жалпы орта мектептерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы білім нысандарының құрылыс жұмысымен қайтара танысып шыққан аудан әкімі, мердігерлермен кездесіп, сапа мәселесін сөз етті. 

Бұл білім ошақтары «Ауыл – ел бесігі» жобасы мен облыстық бюджет есебінен ретке келтірілуде. Құрылыс жұмыстары барысында білім ордаларының ішкі қабырғаларын қырып, қайта әрлеу, сырлау жұмыстары, сыртқы қабырғаларын толығымен металоцерепицамен қаптау және терезе, есік, электр желісі, жылу жүйесін жаңарту, мектептің шатыры ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі осы жылдың 25 тамызына белгіленген. Мердігерлер өз жұмыстарын жоспарға сәйкес атқарып, аталған білім ошақтарын мерзімінде тапсырады деген сенімдеміз, - дейді аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Бүгінгі таңда, аталған мектеп ғимараттарында ішкі әктеу-сырлау жұмыстары, электр желілерін ауыстыру, есік және терезелерді орнату, әжетханаларды қалпына келтіру, жылыту жүйелерін ретке келтіру, еден орнату  жұмыстарын, сынып бөлмелерін бөлу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін толық аяқтап,  пайдалануға беру жоспарлануда. 

Жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне құрылыста жұмыс күшін көбейтіп, жұмысты мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ жұмыс сапарының соңында Қабланбек елді мекеніндегі  №13 Мәңгілік ел атындағы жалпы орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының барысын көрді. 1Балалардың қуанышына ештеңе жетпейді. Сондықтан күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, жаңа оқу жылына дейін аяқтау қажет, - деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.. 

Аталған мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Оның да құрылыс жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер