Сарыағаш ауданында екі мектеп салынуда

Сарыағаш ауданындағы Құркелес ауылдық округіне қарасты Нұрлы жол елді мекенінде жаңа мектеп салынуда. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, Нұрлы жол елді мекеніндегі №50 А.Омаров атындағы мектеп апаттық жағдайда болуына байланысты, жаңа мектептің құрылысы  жұмыстары биыл басталған екен.  

Screenshot_80.jpg

Аудан әкімі аталған елді мекендегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда, нысанның ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталып, мектептің шатырын жабу, терезелерін орналастыру жұмыстары қалыпты. 

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында апатты, үш ауысымды және орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салу жоспарланыпты.  Қазіргі таңда өңірде «1000 мектеп» бағдарламасымен жалпы 7500 орынды 24 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде біздің ауданда екі білім нысаны салынуда. Оның бірі жоғарыда айтқан №50 А.Омаров атындағы орта мектеп болса, екіншісі Сарысу елді мекенінде орналасқа N40 Н.Әбдіров атындағы орта мектеп. Қос нысанның да құрылыс жұмысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, - дейді аудан әкімі. 

Нұрлы жол елді мекеніндегі нысанның құрылыс жұмысының барысына қанағаттанған аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. 

Ал Дарбаза ауылдық округіндегі Сарысу елді мекенінде орналасқан N40 Н.Әбдіров атындағы 200 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқтап, елді мекен тұрғындары үшін пайдалануға беру жоспарланған. 

Нысан басында құрлыс компаниясының өкілдерімен кездескен аудан әкімі: «Білім саласына қатысты Президентіміз аз айтып жүрген жоқ. Жайлы мектеп жобасы да орын тапшылығын жою мақсатында қолға алынған жобаның бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан құрылтайында тапсырған міндеттері мен жобаларды кезең кезеңмен жүзеге асырудамыз. Бұған дейін де айтылып жүрген ең басты мәселелердің бірі – ауыл мектептерін дамыту. Бұған қатысты нақты шаралар атқарылып жатыр. Біз алдымызға қойған міндеттерді талапқа сай орындауымыз керек» дей келіп, аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекемеге жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын кестеге сай жүргізіп, сапалы аяқтауды тапсырды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер