Түркістан қаласындағы оқушылар сарайында тартысты сайыс өтті

Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында білімгерлер арасында «3 colours» квест ойыны өтті. Спорттық сайыстарға қызығушылықты арттыру, жылдамдықты, зеректікті, дәлдік пен ептілікті дамыту, балаларды ұжымдық жұмысқа, бірге әрекет етуге үйрету, салауатты, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп, жазғы демалысты қызықты өткізу мақсатында ұйымдастырылған бұл жарысқа үйірме білімгерлерінен құралған 3 команда қатысты.

Screenshot_13.jpg

Тиісінше, әрқайсысы 10 баладан тұратын қызыл, жасыл және сары топтар бастапқы кезеңде сарайдың әрбір бөлігіне жасырылған фигураларды тапты. Содан соң, логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетсе, үшінші кезеңде қараңғы бөлмелердің біріне жасырылған қара қағазды іздеді. 

Сайыс нәтижесі бойынша барлық кезеңнің қорытындысымен ең көп ұпай жинаған «жасылдар» командасы жеңімпаз атанып, арнайы диплом мен кубокқа ие болды. Ал, екінші орынға ие болған «қызылдар» тобы мен үшінші сатыдан көрінген «сарылар» командасы диплом алып, мен арнайы медальдарды тағынды.

Айта кетсек, оқушылардың белсенділігін арттыруға арналған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырыла бермек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер