Түркістан облысындағы 37 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен «Жаз қызығы – көңілді демалыс» атты іс-шара барлық өңірде өткізілуде. Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атшарушы Ардақ Садықованың айтуынша, оған облыстық «Жас туристер» станциясы, оқушылар сарайы, оқушылар үйі, өнер мектептері, шығармашылық орталықтар, көркемсурет мектептерінің ұстаздары мен оқушылары үлес қосып келеді екен.
Түркістан облысында маусым айында 350 іс-шара, шілде айында облыстық «Жас туристер» станциясы – 721 іс-шара, облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы – 163 іс-шара өткізген.
- Барлық іс-шаралар мерзімінде өткізіліп, әлеуметтік желілерге хэштектермен жарияланып отырды. Оның ішінде, 400 саяхат, 8 челлендж, 332 экскурсия, 4 байқау, 2 дебат жарысы, 491 іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға арналған қызықты да, көңілді бастамаларға 30 мыңнан астам оқушы қатысты. Алдағы уақытта да осы тектес шаралар легі жалғасуда. Барлығы балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында қолға алынған, - дейді Ардақ Садықова.
Жуырда осы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Облыстық жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Көңілді жаз» тақырыбында мектеп оқушылары арасындағы су жарысы өтті.
Жарыстың мақсаты - оқушылардың жазғы демалыс уақытындағы іс-шараларға қызықтыру, қызығушылықтарын арттыру.
Су жарысын «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Сәуле Өмірсерікқызы ашып, жарысқа қатысушы топтарға сәттілік тіледі. Сайыс барысында қатысушы топтарға Төтенше жағдайлар қызметкерлері суда жүзу техникасының ережесі таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы 13 топ, 150 үйірмешілермен қызметкерлері қатысты.
Жарыс қорытындысында І-орын «Бүркіт» тобы жетекшісі қосымша білім беру педагогы Бейсенов Шерхан, ІІ-орын «Қыран» тобы жетекшісі қосымша білім беру педагогы Бейсенбеков Еркебұлан, ІІІ-орын «Тұлпар» тобы жетекшісі қосымша білім беру педагогы Сұлтанбеков Әбілхайырхан марапатталды. Жеңімпаз топтар І, ІІ, ІІІ орын жүлделі дипломдарымен марапатталды.