Сайрам ауданында 7 білім ордасы пайдалануға беріледі

Сайрам ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында жеті білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтың айтуынша, биыл пайдалануға берілетін мектеп құрылыстарында қызу жұмыс жүргізілуде екен. Өңірдегі бірнеше ауылдық округтерге құрылысы жүріп жатқан мектептерге өзі арнайы барып, құрылыс жұмысымен де танысыпты. 

Screenshot_16.jpg

Алдымен аудан әкімі Ақбұлақ округінде орналасқан екі қабатты мәдениет үйінінің құрылыс жұмыстарын көрді. Бүгінде нысанның ішкі жұмыстары аяқталып, көрермендер залының едені төселуде. Аталған ғимарат – мәдениет үйін, кітапхана мен спорттық үйірмелерді қамтымақ. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, нысан биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Одан кейін аудан әкімі мектеп құрылыстарымен танысты. Аймақта жалпы 75 мемлекеттік, 17 жеке меншік мектеп бар. 1 қыркүйектен бастап тағы жеті білім ордасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Одан бөлек, аудан басшысы өңірдегі «Art Boilers» компаниясының жұмыс барысымен танысты. Бүгінде бұл мекеме неміс технологияларын қолдана отырып, заманауи  қазандықтарды өндіріп жатыр. Жалпы кәсіпорын 2,6 гектар жерді алып жатыр. Онда жылына 400-ге жуық жылыту қазандықтары шығарылады. Бұл өңірдегі жоғары технологиялық жылыту қазандықтарын өндіретін жалғыз өндіріс орны. 2008 жылы негізі қаланған «Art Boilers» компаниясы алдағы уақытта да өндіріс күшін арттырмақ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер