Кентау қаласына соғылып жатқан жаңа мектептер бар. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың айтуынша, қаладағы білім нысанының жалпы саны 40. Оның 23-і мектеп болса, 14-і балабақша, 3 мектептен тыс мекеме бар.
Бүгінгі таңда Қарнақ ауылында 500 орынға арналған жаңа орта мектеп соғылуда. Ол мектепті жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беру жоспарлануда.
Жаңа мектептің аумағы 20 гектар аумақты қамтиды. Айта кететіні, мектеп жанынан жатақханада қоса салынуда. Онда алыс аймақтардан келіп оқитын балалар жайғастырылатын болады. Жаңа білім ордасының құрылысы - 487 миллион теңгені құрайды.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім, денсаулық пен бұқаралық спорт салаларын дамытуға баса мән беріп отыр. Әрбір сала бойынша ауданда атқарылып жұмыстар баршылық. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» дейді Президент. Жалпы мектептердегі білім сапасын арттыруға бүгінгі таңда жасалып жатқан игі істер де өз септігін тигізуде. Атап айтсақ, бүгінгі таңда қалада жалпы 23 мектеп жұмыс істейді. Жыл сайын қала әкімдігі тарапынан ғимараттарға зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, жөндеуді қажет ететін мектептер мен балабақшаларды күрделі және орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жаңалары да соғылуда. Сондай-ақ- білім мекемелерінде қауыпсіздік шаралары күшейтіліп, бейнекамерамен қамту іс-шаралары қолға алынған. Ал жақында ашылғалы отырған Қарнақ елді мекеніндегі мектеп түгелдей заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұнда оқушыларға сапалы білім алуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Білім ұясында 25 сынып бөлмелері мен 150 орындық мәжіліс залы, 200 орындық асхана бар. Сондай-ақ мектепте пән бөлмелері, спорт зал, кітапхана бар. Онда оқушылар бір ауысымда оқитын болады, - дейді қала әкімі.
Алыстан келетін ауыл балалары үшін көлік тасымалы қарастырылған. Мектеп аумағынан балаларға арналған ойын алаңқайлары мен спорт кешендері салынған. Жаңа білім ұясында 60-қа жуық ұстаз және көмекші кадрлар тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Алдағы уақытта мектеп аумағынан заманауи балабақша және сауықтыру лагерін салу жоспарлануда.