Келестік ауданында үздік сәулет құрылыстарының макетін жасайтын оқушы тұрады

Түркістан облысында ғылымға ден қойған балалардың қатары артып келеді. Соның бірі Келес ауданының тумасы 14 жасар оқушы әлемнің үздің сәулет құрылыстарының макетін жасап шыққан. Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атшарушы Ардақ Садықованың айтуынша, облыста ерекше ғылымға көңіл бөлген балалар көп екен.

Screenshot_18.jpg

Бірі өзі жүретін сөмке жасап шықса, бірі биік сәулет нысанынның жобасын жасап шыққан.  

- Келес ауданынан шыққан №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Шахимардан Жақсылықұлы қолөнердің ерекше түрін жанына серік еткен. Ағаштан ою ойып, түрлі кәдесый жасайтын талантты бала 9-сыныпқа көшті. Әкесі де, анасы да ауылда еңбек пәнінің мұғалімі болғандықтан оны кішкентай кезінен еңбекке баулып тәрбиелеген. Бүгінде оның қолынан шыққан дүниелер көпті таң тамаша қалдырып отыр, - дейді ол.  

Ал  Шахимардан Жақсылықұлының алдыға қойған арманы көп. Өз мақсатына жету үшін тынымсыз еңбек етіп, оқуын да жақсы оқып жүр. 

- Болашақта құрылыс инженері болғым келеді. Ағам осы мамандықта мемлекеттік грант иегері атанған. Бұл мамандық құрылыс жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды. Сондықтан маған қатты қызық. Қазір «Бәйтерек», «Биг-бэн», «Эйфель» мұнарасы сияқты ғимараттардың макетін жасадым. Үйде әкемнен көп нәрсені үйреніп жүрмін, – дейді жас қолөнерші.

Шахимардан қазіргі таңда №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде оқиды. Көп балалы отбасында өскен ол ұлдардың ортаншысы. Бала кезінен қолөнер жағына қызығып, әкесінің алдынан шықпайтын. Қолынан келмейтіні жоқ. Әкесі – қолөнер шебері, мүсінші, суретші, ағаш ұстасы, шебер. Ал анасы – қолөнер шебері, тігінші.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер