Шардара ауданындағы білім саласында жоспарлы жұмыс бар

Шардара ауданында білім саласы мекемелерінде жүйелі жұмыс бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында білім саласын көтеруге барынша көңіл бөліп, қолдау көрсетіп келеді. Жалпы білім саласында атқарылып жатқан жұмыстың бүгінде ауқымы кең.

 Screenshot_21.jpg

Сондай ақ ел Президенті еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда білім саласына қатысты ұзақ мерзімге арналған идеологиялық басым бағыттар талқыланып, нақты шешу жолдары ұсынылды. Екі күнге жалғасқан кеңесте ел үшін маңызды мәселелердің түйіні тарқатылып, жүйелі ұсыныстар, кесімді шешімдер айтылған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар ғана құрады. Мемлекет басшысы Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуға тиіс деді. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы бағытта бізге орасан зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. «Тәрбие тал бесіктен басталатынын» ескере отырып, өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық қағидаттарын сіңіреміз десек, ең алдымен оған өзіміз өнеге көрсетер тұлға болуымыз керек.

Президентіміз біздің ұлттық бірегейлігіміз табыстылықта екенін айтты. Бұл ел дамуының маңызды стратегиясына айналуға тиіс. Әр білім мекемесі өз алдына «Біз қайткенде табысты балабақша, табысты мектеп, табысты колледж бола аламыз» деген мақсат қойып, оған жауап беруге дайын болуы керек.

Президент «Ел атын әлемге танытып жүрген жастар ұлттың рухын жаңғыртуда» деп атап көрсетті. Біз жастардың бойындағы өнер-білімге, ғылымға, жаңашылдыққа деген осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейтуіміз, дамытуымыз қажет. Мемлекет басшысы білімді дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру керек деп міндет жүктеді, мұны біз абыроймен атқаруымыз керек. Осы жолда  жоспар құрып, еңбек етудеміз.

Жалпы Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне 30 білім ошағы қарайды. Оның біреуі мектеп-гимназия, 2-і мектеп-лицей, 20-ы жалпы орта мектеп, біреуі негізгі мектеп болса, тағы біреуі бастауыш мектеп, қалған 5-і шағын жинақты бастауыш мектеп. Бұл білім ошақтары жаңа оқу жылын 19 мыңнан аса оқушымен бастағалы отыр. Ал жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 1555 бала қабылданды деп жоспарлануда. 

Жаңа оқу жылында мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы негізінде тәрбие міндеттерін іске асыруда «Ата-аналар академиясын» құру көзделген. Сондай-ақ  «Тоғыз  айда – 9  іс-шара», «4  тоқсанда – 4  өнер»  жобалары шеңберінде іс-шаралар өткізу, мерейтойлық күндерге арналған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Ал 1 қыркүйекте - Білім  күні  салтанатты  жиын  және  сынып  сағаттары ұйымдастырылады. Өткізу форматын білім беру ұйымдары дербес анықтайды. 

Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Мектеп-мейірбандық мекені» аудандық челленджін өткізу жоспарлануда. 

Оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы қамтылған білім саласындағы ақпараттық жүйелермен  интеграцияланған «Bilim Land» платформасымен «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум» түзілген. Аталған платформаның білім мазмұнына қатысты жүйесіне аудан  мекептері толық қосылды. «Bilim Land» эко жүйесінің электронды  журналын аудандағы  30 мектеп қосылып пайдалануда. 

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жақсара түскен. Мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейту бойынша  «AMANAT» партиясының жол картасын және «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, аталған жобалар аясында өткен жылы  химия, физика, биология және STEM пәндік кабинеттерін сатып алуға республикалық бюджеттен 79 миллион 303 мың теңге бөлініп, М.Әуезов, М.Горький, Шардара мектеп-лицейі,  Ы.Алтынсарин, А.Иманов, С.Құрманғазы, Қ.Аманжолов, Б.Соқпақбаев, Ж.Жабаев атындағы орта, негізгк және бастауыш мектептері жоғарыда аталған пән кабинеттерімен жабдықталды.

Биыл ауыл мектептерін пәндік кабинеттермен қамтамасыз  ету үшін 181 миллион 620 мың теңге қаралған, аталмыш қаржыға 5 физика,  5 химия, 6 биология, 7 STEM пәндік кабинеттері сатып алынатын болады. 

Сонымен қатар білім ошақтарының ауласын абаттандыру, қоршау жұмыстарын жүргізі үшін бюджеттен 117,72 миллион теңге қарастырылып, Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының тарапынан жеңімпаз мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 100 пайыз қамтамасыз ету» тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданы мектептерін 1080 бейне бақылау камерасымен қамтамасыз ету үшін 26274 мың теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 

15 мектепке турникет орнату үшін 33300 мың теңге бөлінген. Қазіргі таңда аудандағы 9 мектепке дабыл түймелері орнатылған. Қалған мектептерге дабыл батырмаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін 11700 мың  теңге қаржы қаралған.  

Ауданда «Жайлы мектеп» жобасы аясында екі мектеп құрылысы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласына баса мән берді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» дейді Президент.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясынды Шардара ауданы бойынша 2023-2024 жылдары 2 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Атап айсақ, Шардара қаласындағы №4 шағын ауданда 1200, Өтеғұл шағын ауданында 300 орындық мектеп салынады. Қазіргі таңда, құрылыс жүргізілетін аумақтары уақытша қоршаулармен қоршалып, жер бедері тегістеліп, шұңқыр қазу жұмыстары жүргізілуде. 

Жылу науханына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда. Жалпы Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру нысандарының саны – 50. Оның 30-ы мектеп,  2-і мектептен тыс мекеме,  1-еуі мектеп жанындағы жатақхана, 17-і мемлекеттік балабақша. Оның ішінде 5 мектеп, 1 мектептен тыс мекеме, 2 балабақша сұйық отынмен, 16 мектеп,  1 мектептен тыс мекеме,  1 мектеп жанындағы жатақхана, 12 балабақша қатты отынмен, 9 мектеп, 3 балабақша табиғи газбен жылытылады. 

Жаңа оқу жылының жылу беру маусымына білім мекемелеріне қажетті 5920 тонна қатты отынның 4510 тоннасы, яғни 76 пайызы тасымалданды, ал қажетті 1326000 литр дизельді отынның 1080000 литріне келісім-шарт түзіліп, білім мекемелерінің қажеттіліктеріне қарай тасымалдау көзделген. Білім мекемелеріне қажетті 989960 текше метр табиғи газға «ҚазТрансГазАймак» АҚ келісім-шарт түзілген. Ал, мектептен тыс, мектепке дейінгі білім мекемелеріне қажетті 1410 тонна қатты және 189 тонна сұйық отынға тасымалдаушы мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталына хабарландыру берілген.  Сонымен-қатар, бөлімге қарасты білім беру мекемелерінің жылу жүйелеріне сығымдау жұмыстары жүргізіліп, актілері алынды. 

Бүгінгі күні ауданда «Мектепке жол» акциясына аудан кәсіпкерлері өз үлестерін қосуда. Өткен айда Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты аудан мектептерінің жекелеген санаттағы 635 оқушыны мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін әр балаға 40567 теңгеден заңды өкілдерінің жеке шоттарына аударылды.

«Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде қазіргі таңда демеушілер есебінен 1000000 теңгеге көпбалалы және  аз қамтамасыз етілген отбасылардың 100 балаға сумка мен мектеп құралдары берілді. 2023 жылғы 21-31 тамыз аралығында Шардара қаласындағы орталық базардың қасында орналасқан «Дәулет» сауда қатарында мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сату үшін кәсіпкерлерді кең ауқымын тарта отырып, «Мектеп жәрмеңкесін» өткізілуде. 

Ауданда білім сапасы мен оқушылардың жақсы тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалуда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер