Оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде

image.png                                

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз.  Осы мақсатта биылғы жаңа оқу жылында барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім басқармасының басшысы м.у.а.  Ардақ Садықова  мәлім етті. 

Ардақ Мәдіханқызы атап өткендей, бүгінгі таңда облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 балалар (оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында көрсетілген санаттарындағы 31 577 бала ағымдағы жылы бір реттік ыстық тамақпен қамтылған) 1 қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

«1-4 сыныптағы оқушылардың тегін тамақтануына бюджетте қаралған қаржы шегінде 6 196 761 мың теңге бөлінді. Бұған дейінгі талдау барысында, 110 асханасы жоқ деп хабарланған мектептердің 83-інде қосымша бөлмелер ажыратылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалып, балалар тамақпен қамтамасыз етілуде, ал қалған 19-ына ыстық тамақ ең жақын маңдағы мектептерде дайындалып, мердігерлер тарапынан тасымалданып, қамтамасыз етілуде», - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, мектепті ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы баспасөз брифингі Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен біріге отырып өткізілді. Журналистер сұрақ қойып, сауалдарына жауап алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер