Жетісайда маңызы бар семинар өтті

image.png

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты А.Байтұрсынов атындағы №5  жалпы орта мектебінде «2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып педагогтерімен ақпараттық семинар өткізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министлігінің Балаларды ерте дамыту институтының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2023 жылдың 26 шілдедегі №7 хаттамасының шешімімен ұсынылған «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында 2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру» туралы әдістемелік нұсқау хаттың мазмұнын  әдістемелік кабинет әдіскері А.Нуралиева жан-жақты түсіндірді.

Әдістемелік кабинет әдіскері А.Кұттыбаева мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізудің әдіс-тәсілдері мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру деңгейлерін есептеу әдістемелерін көрсетіп, негізгі бағыттарын түсіндірді.

 МКҚК «Бүлдіршін» балабақшасының әдіскері О.Бейсенбаева Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, МКҚК «Мерей» балабақшасының әдіскері Б.Алпысова Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарымен танысытырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттық семинар барасында қатысушыларға тәрбиелеу-білім беру процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша тұжырымды идеялар ұсынылып, ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

Дәл осындай жиын облыс орталығында да өтті. Жиынға Түркістан қаласы №27 Өзбекәлі Жәнібеков  атындағы IT мектеп-лицейінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары  Майра Тұрғанбайқызы, Оқу-ағарту минстрлігі техникалық-кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары  Ақзира Бақтыбайқызы, Түркістан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің  басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы және Түркістан облысы Білім басқармасының "Білім беруді дамыту" орталығының директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы  қатысты. 

Іс-шараға 5 ауданның білім бөлімі басшылары, әдіскерлер және мектеп директорлары қатысты.

8 қыркүйекке дейін ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасын табады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер