«Дене сергіту» челленджі өтті

image.png

Облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Дене сергіту» челленджі өткізілді. Бұл игі шарадан саурандық оқушылар да тыс қалған жоқ. Аудандық білім бөліміне қарасты Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен челлендж барысында 5-11 сынып оқушылары оқу-ағарту министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы дайындаған әдістемелік ұсынымына сәйкес жаттығулар орындады.

Сондай-ақ «Тоғыз ай–тоғыз іс-шара» Тұжырымдамасымен білім беру ұйымдарында бірыңғай тәрбие және спорттық іс-шараларын өткізу жоспары негізінде Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында да оқушылар жаппай жаттығу жасады. Мақсат - білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

«Тоғыз ай–тоғыз іс-шара» жоспарына сәйкес өткен аталмыш челленджге Төлеби ауданының оқушылары да белсене қатысты. Челлендж шеңберінде оқушылар статикалық қалыпты жеңілдететін, негізгі бұлшықет топтарына арналған, әртүрлі форма мен мазмұндағы, 4-6 рет қайталанатын 3-4 жаттығуды орындады.

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене белсенділігін арттыру мақсатында «Дене сергіту» челленджі өткізілді. Челленджге 1-11 сынып оқушылары мен педагогтер қатысты. Аталған іс-шара – «Майлыкент» ЖОМ білім бөлімінің дене шынықтыру пәнінің әдіскері Жұмабек Елшіұлының ұйымдастыруымен өтті.

Сонымен қатар «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып, бүгін республикалық «ДЕНЕ СЕРГІТУ» челленджіне  Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды техникалық колледжі де өз үлесін қосты.

Сергіту сәті – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшықет топтары қамтылады. Шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпына келтіру, дене бітімі бұзылуының алдын алу. 

   Челлендждің мақсаты:

- оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау.

- физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;

- оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;

- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер