Кентауда инклюзивті қолдау кабинеті ашылды

image.png

Түркістан облысының жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында Кентау қаласы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы базасында инклюзивті қолдау кабинетінің  ашылу салтанаты өтті. 

Аталған іс-шараға инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы педагогтары, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары және инклюзивті білім беруді дамытуға жауапты мамандар қатысты.

Инклюзивті қолдау кабинетінің ашылу салтанатында концерттік іс-шара мен ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды.

Сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Ата-аналар инклюзивті қолдау кабинетінің жұмысына сәттілік тілеп, мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, инклюзивті білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер