Ауыл мектебінің жағдайымен танысты

image.png

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова , Түркістан облысы білім басқармасының "Білім беруді дамыту орталығының" директоры Бақытжан Төлімбет  және облыстық білім басқармасының өкілдері бүгін Сауран ауданы Ы.Алтынсарин ШЖЖОМ базасында Облыстық білім беруді дамыту орталығының жүргізіп отырған  «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасының барысымен танысты. 

Мақсат - эксперименттің негізгі идеясын, тұжырымдамасын, жоспарланған жұмыстардың нәтижесін талқылау.

«Алдағы уақытта пилотты жобаға теориялық сүйемелдеуге Ұлттық білім академиясы тарапынан көмек берілмек. Ы.Алтынсарин мектебінде мұғалімдердің  3 сыныпта математика, 4 сыныпта қазақ тілі сабақтарына кірдім. Жобаның ерекшелігі бастауыш сыныптарда бір пәнге бір мұғалімнің сабақ беруінде»,- деді М.Мелдебекова.

Жаңа оқу жылының басында ұйымдастырылған сабақта бастауыш сынып педагогтерінің әр пәнді жүйелі жоспарлап, оқу үдерісіне тың идеяларды енгізіп сондай ақ, білім алушыларға біліммен қатар, тәрбиенің де қоса беріліп отырғандығы атап өтілді. 

Жиын соңында Майра Тұрғанбайқызы, бұл жобаны түбегейлі зерттеп - зерделеп басқа өңірлерге таратуға болатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин ұлттық академиясынан жобаның ғылымилығы мен мұғалімдер зерттеулерін дамытатын арнайы мамандарды бекіту керек деген өз ұсынысын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер