«П.Тәжібаева» атындағы мектеп ел игілігіне берілді

image.png

1 қыркүйек – Білім күні және жаңа оқу жылының басталуына орай Қазығұрт ауданы  Қ.Әбдалиев ауыл округі Рабат елді мекенінде «П.Тәжібаева» атындағы мектептің құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылды. Атаулы шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысты. 

«П.Тәжібаева» атындағы мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 697,0 миллион теңге қаралып, 2021-2023 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. Сыйымдылығы 200 орынды құрайды. 

Атаулы іс-шараға арнайы барып, лента қию рәсіміне қатысқан аудан әкімі Азизхан Азимханұлы ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, қуаныштарына ортақтасты. 

- Білім беру саласы ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» - дей келе, - «Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде» - деп басып айтқан болатын. Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, ұлт болашағы саналатын білімді жастарды тәрбиелеу мен оларды оқытатын ұстаздар қауымының әлеуеті әрдайым біздің басты назарымызда болады, - деді аудан әкімі өз сөзінде.

Сондай-ақ, мектеп құрылысын сапалы аяқтап, пайдалануға беріп отырған мердігер "Altyn LTD" серіктестігіне тұрғындар атынан алғысын білдірді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер