Халық қалаулысы 30 баланы мектеп формасымен қамтыды

image.png

Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің болмауы мүмкін емес. Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенге сүйеу болу, жабырқағанның жанынан табылу, шарасызға көмек қолын созу – халқымыздың қанына біткен асыл қасиеттерінің бірі. Осындай игі амалдарға мұрындық болып, көмек көрсетіп отырған жомарт жандардың жақсылығын айтпау айып болар.

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы мен “Мектепке жол” акциясы аясында, Халық қалаулысы Данияр Әбдімүталіпұлы қабылдауында болған әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың балаларына мектеп формасын табыстады. Игілікті шара аясында 30 балаға мектеп формасы тарту етілді.

Айта кетейік, Халық қалаулысы Данияр Әбдімүталіпұлы жыл сайын өзінде барды өзгемен бөлісіп, қабылдауына келген көмекке мұқтаж, көңілі жарым жандардың жанына демеу болып, материалдық, моральдық тұрғыда да көмек беріп жүр. Былтырғы жылы 145 баланы мектеп формасымен қамтыды.

-Біздің мұндай шараларды жариялаудағы мақсатымыз – фракция мүшелерінің, партия мүшелерінің қайырымдылықтарын жұртқа жария етіп, мақтану немесе біреуге жақсы көріну емес, елдегі көмекке шын мұқтаж жандарға сәл де болса қуаныш сыйлау, мейірім беру. 

Мейірімді болуға, айналамыздағы азаматтарды да  үндеу. Біз қазақ қашанда жетімі мен жесірін жылатпаған, сүрінгеннің қолтығынан демеп, қолдау көрсеткен халықпыз. Осы бір атамыздың қанымен бойымызға сіңген қасиетімізді ту етіп жүрген жандар айналамызда бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер