Сарыағашта 900 орындық мектептің құрылысы басталды

image.png

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекенінде жаңадан салынып жатқан 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда елді мекендегі қолданыстағы мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілуде. 

Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы:

-Аталған ғимарат балалардың болашағы үшін бой көтеріліп жатқан білім ордасы болғандықтан бірінші кезекте сапалы болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру маңызды.

Айта кетсек, бүгінгі таңда аталған мектептің жер учаскесі қоршалып, жер учаскесінің қазаншұңқырын қазып қайта көму жұмыстары жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм – тазалықтан басталады
  • Инвесторлар туристік нысандарды аралады
  • Демалыс аймақтары тазаланды
  • Сарыайғырдың сыры бөлек
  • Туристердің қауіпсіздігі басты назарда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер