1-сынып оқушыларына «Әліппе» табысталды

image.png

Бүгін өңірдегі барлық білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылды. Сарыағаш ауданының барлық білім мекемелері де бұл мерекені жоғары деңгейде қарсы алды.  Жаңа оқу жылына арналған №6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта мектебіндегі салтанатты шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларды білім күнімен құттықтады.

- Қадірлі ұстаздар, құрметті ата-аналар, оқушылар бүгін дәстүрлі мереке – алғашқы қоңырау, білім күнімен құттықтаймын. 1 қыркүйек – әр адамның көкейінде жақсы естелік қалдыратын, жарқын да жылы сезімдерге толы ерекше күн. Бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл әрбір білім алуға талпынған адам үшін жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы, еліміздің болашағына әсер ететін жауапты кезең. Жалпы 2023-2024 оқу жылында аудан бойынша 58383 мектеп оқушысы мектепте білім алатын болса, биылғы жылы 1 сыныпқа 5545 оқушы қабылданып, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданымызда 2023-2025 жылдары 10 жайлы мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Оның ішінде төртеуінің құрылысы биылғы жылы басталды, қалған 6 мектептің құрылысы келесі жылы басталатын болады. Сонымен қатар, ауданда 5 мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде. Білім күнінен бастау алған жаңа оқу жылында Сіздерге сәттілік, тың бастамалар мен жарқын жетістіктер тілеймін. Ел ертеңі еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!-деген аудан басшысы ұстаздар қауымына шығармашылық сәттіліктер, еңбекте жеміс, абырой тілеп, алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулықтарын табыстады.

Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін бірінші сынып оқушылары өлең шумақтарын оқып, оларға мектеп бітіруші түлектер қанаттарының талмауын тілеп, ізгі тілектерін өлең жолдары арқылы білдірді.

Іс-шарадан кейін аудан әкімі мектеп сыныптарын аралап, ашық сабаққа қатысып, білім ордасының материалдық техникалық базасымен танысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер