Ұстаздардың еңбегі елеусіз қалмайды

image.png

Түркістан облысы білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секциялық басқосуында 33 үздік ұстазға арнайы Алғыс хаттар берілді. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан ұстаздар қауымы 3 бағыт бойынша марапатталды.

Марапатқа ие болғандардың тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру жане тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары еленді.

Ұстаздарға «Білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және оған қосқан үлесі үшін» деген ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаты мен «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» Құрмет грамотасы және еліміздің бас ұстазының атынан «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі» Құрмет дипломы табысталды.

Атап кетсек, енді мұғалімдерді аттестаттау жүйесіне де өзгерістер енгізілмек. Ұлттық платформа негізіндегі аттестаттау процесі автоматтандырылды. Енді мұғалімнің қызметі туралы барлық ақпарат оның жеке кабинетінде жинақталмақ. Педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталынды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуына қарағанда, мұғалім тек модератор мен сарапшыға ауысқанда ғана өз пәні бойынша сынақтан өтеді.

– Алдағы уақытта педагог-зерттеуші және магистр біліктілік санатын беру тәртібі толығымен өзгертіледі. Еңбек жолын алғаш бастайтын немесе еңбек өтілінде үзіліс алған педагогтар үшін санат олардың пайдасына қайта қаралады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін диагностикалау үшін кәсіби қызметін алғаш рет бастайтын немесе еңбек өтілінде үзіліс болған педагогтар тестілеуден өтеді, – деді Ғани Бейсембаев тамыз кеңесінің пленарлы отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, мұғалімдерді марапаттау тетіктері де өзгереді. Бұдан былай мұғалімдер шәкірттерінің жетістіктеріне қарай бағаланып, оған соның нәтижесінде біліктілік санаты беріліп, марапатталады. Бұл зейнет жасындағы мұғалімдерге де қатысты екенін айта кетейік.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер