Ордабасыда балалар оқулары байқауы өтті

image.png

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.  Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп кітап оқудың маңыздылығын жеткізіп кеткен. Сол себепті республикада қазіргі таңда кітап оқуды насихаттау, балалардың қызығушылығын ояту мақсатында түрлі жобалар қол алынып, көптеген іс-шаралар атқарылуда. 

Осы орайда Ордабасы аудандық білім бөлімі Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Қазақстандық қоғамдық даму институты" "Балалар әлемі" жобасы аясында республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі болып өтті.

Байқау мақсаты – «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында оқу сауаттылығын арттыру. Байқауға аудандық білім беру ұйымдарынан 77 оқушы қатысты. 

Екі кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар, оқыған шығармалары арасында эссе және қазақ және шетел әдебиеті шығармаларынан құрылған 60 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына жауап берді. Байқау қорытындысы бойынша Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінен Сүйін Алинұр, "Төрткүл" жом Кеңебек Қуаныш, "Қызылжар" жом Жания Жантасқызы жүлделі ІІІ орын, М.Исламқұлов ат жом Омарова Береке,"Төрткөлтөбе" жом жүлделі ІІ орын, "Төрткол" жом Сәулембаева Мәруа І дәрежелі дипломға ие болып, облыстық байқауға жолдама алды. Қалған қатысушылар аудандық білім бөлімінің арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  «Балалар әдебиеті» бағдарламасын жасау және жүзеге асыру туралы тапсырмасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы балаларға арналған көркем әдебиеттің интерактивті каталогын әзірледі. «Еліміздің білім беру ұйымдары үшін Bookfund.gov.kz жүйесі құрылды. Бұл қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын цифрлық форматтағы кітаптардың арнайы тізімі. автоматтандырылған жүйе өңірлерде қандай кітаптар сұранысқа ие екенін білуге мүмкіндік береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер