Жетісай ауданында ата-аналар жиналысы өтті

Жетісай ауданындағы Жылысу ауылында орналасқан Хиуаз Доспанова атындағы жалпы орта мектебінде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. 

Screenshot_8.jpg

Хиуаз Доспанова атындағы жалпы орта мектебінде ұйымдастырылған «Ел бірлігі, ынтымақ татулық» атты жиында мұғалімдер мен ата-аналар балалардың тәрбиесі мен білім жайын сөз етіп, пікір алмасты.  

Ол жиынға Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы, ауданның құрметті азаматы, ардақты ардагер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақыт Жаңбырбаев, аудан прокуроры Мұхтар Әлжанов, аудандық «Қоғамдық келісім» КММ директоры Данияр Мырзамұратов, ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі қатысты. 

Жиында сөз алған білім бөлімінің басшысы еліміздің өткен тарихына тоқталып, елдің бірлігі және ынтымағы, ұлтаралық сеніммен ынтымақтың өскелең ұрпаққа тәрбие берудегі алғы шарттар екенін түсіндіріп өтті. Балалардың білім сапасы және ұрпақ тәрбиесіндегі ұлағат жөнінде сөз алған Бақыт Жаңбырбаев елдің татулығы туралы терең тағылымды әңгіме қозғады. Жетісай ауданының прокуроры Мұхтар Әлжанов құқықтық тәрбие және ел арасындағы татулыққа көз алартатын азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігіне баса назар аударды. Жетісай ауданының «Қоғамдық келісім» КММ филиалының директоры Данияр Мырзамуратов қазақ елінің кең пейілділігі, дархандығы татулыққа негіз болып, көп ұлтты бауырына басқан ел екенін айта келіп, достық қатынасты нығайту жолында әрбіріміз өз міндеттерімізді мүлтіксіз атқару керектігіне тоқталды. 

Жиынды Ғазиза Әлібекқызы қорытындылап, әрбіріміздің отан алдындағы міндетіміз елдің ішкі және сыртқы тыныштығы екеніне баса назарған еді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер