Сайрам ауданында екі жекеменшік мектеп ашылды

Сайрам ауданында жекеменшік мектептердің саны артып келеді. Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаеваның айтуынша, ауданда 22 жекеменшік мектеп бар екен. Алдағы уақытта тағы 7 жекеменшік мектеп ашылғалы отырса керек. 

Screenshot_9.jpg

Ал жаңа оқу жылы қарсаңында Қарамұрат ауылдық округінде Парасат жекеменшік мектебі ашылды. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Сәбитов қатысқан. 

- Парасат жекеменшік мектебі 500 орындық. Жаңа білім ордасы толық заман талабына сай оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Бүгінде білім нысанында 50-ден аса білікті ұстаз жұмыс істеуде. Биыл жаңа оқу жылында  3566 орындық 7 жекеменшік мектеп ашылады деп жоспарлануда. Жалпы Сайрам ауданы жекеменшік мектеп салудан өңірде алғашқы орында тұр. Сондай-ақ, ауданда 7962 мұғалім жұмыс істейді, - дейді Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева.

Аудан әкімі жаңа мектептің ұстаздары мен ата-аналарын және  оқушыларды айтулы күнмен құттықтап, табыс тіледі. Ол өз кезегінде    «Ауданымызда 64 мыңнан аса оқушы білім алады.  Бұл облыстағы үлкен көрсеткіш, әрбір 8 бала Сайрам ауданында білім алады деген сөз. Биылғы оқу жылында 201 білім беру мекемелері жұмыс атқарады. Оның ішінде 74 мемлекеттік және 22 жекеменшік мектептер. Сондай-ақ, 11 мемлекеттік пен 83 жекеменешік балабақшалар жұмыс істейді», - дейді ол.

Жаңа мектепте мультимедиялық заманауи оқу залдары, физика, химия, биология, информатика, интербелсенді тақталарымен жабдықталған.

Сондай-ақ Сайрам ауданында осымен бірге тағы бір жекеменшік мектептің ашылуы болды. Ол Ақсукент елдімекеніндегі 216 балаға арналған «BI MUSA» жекеменшік мектебі. Білім ошағы барлық талаптарға сай, заманауи үлгіде салынған. Ондағы игі іс-шараға «Amanat» партияcы Сайрам ауданы филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов және  Сайрам ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлнәр Нұртанова қатысып, жаңа мектептің ұстаздары мен ата-аналарды және оқушыларды айтулы күнмен құттықтады.

Онда мультимедиялық оқу залдары, пескографика кабинеті, арнайы би залы мен шығармашылық залы,  работотехника кабинеттері және интербелсенді тақталармен жабдықталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер