Сайрам ауданында 100 орындық жаңа балабақша ашылды. Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаеваның айтуынша, Қарамұрат ауылының тұрғындары көптен көтеріп жүрген «Нұрлы-Шуақ» балабақшасы ел игілігіне беріліпті.
«Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында. Жалпы, мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу басты міндетіміз» дейді ол.
Қарамұрт ауылдық округінде 100 балаға арналған «Нұрлы-Шуақ» толық күнді бөбекжай балабақшасы ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Сәбитов қатысып, осындай игілікті істі қолға алып, бүлдіршіндеріміздің заман талабына сай балабақшада тәрбие алуына мүмкіндік берудің маңыздылығын атап өтті.
- Жалпы екі қабатты ғимарат 618 шаршы метрді қамтиды. Бүгінде балабақшада 4-топ бар. Аталған мекемеде 12 тәрбиеші жұмыс істеуде. Ауданда 1-6 жасқа дейінгі балалар саны 43 322 құрайды, оның ішінде 12 126 бала балабақшаларда тәрбиеленуде. Қазір 1720 бала мемлекеттік, ал жеке балабақшаларда 10 406 бала тіркелген.
Бүлдіршіндердің бүгінгі күннің қалыбына және жасы мен даму ерекшеліктеріне сай білім алуы – күн тәртібінде бірінші тұрған мәселе болғандықтан, аудан көлемінде бүгінге дейін осы мәселе төңірегінде тұрақты жұмыстар атқарылып келеді, - дейді Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева.