Сайрам ауданының әкімі мектеп басшыларын марапаттады

Сайрам ауданында аудан әкімі жанында өткен кеңесте балалардың қауіпсіздігі, тәрбие жұмысы, білім сапасы және  мектеп психологтарының жұмысы қаралды. 

Screenshot_11.jpg

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов білім мекемелерінің басшыларымен  кездесті. Аталған жиынға аудандық полиция басқармасының басшысы Бауыржан Зиятаев, аудандық білім бөлімінің басшысы  Гүльнара Тынымбаева  және аудан мектептерінің директорлары қатысты. Онда балалардың қауіпсіздігі, тәрбие жұмысы, білім сапасы және  мектеп психологтарының жұмысы жайлы айтылды. Ауқымды жиында білім саласына қатысты барлық мәселелер қамтылды.

Білім бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды баяндап, соңынан жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының барысын айтып берді. Жаңа оқу жылында ауданда 1-сыныпқа 5924 оқушы қабылданған. Ал жалпы 2023-2024 оқу жылында 64371 оқушы білім алады деп жоспарлануда, былтырғымен салыстырғанда 965 оқушыға артып отыр екен. 

Ауданда барлық мектептерде жалпы 7962 мұғалім жұмыс істейді. Бұл ретте Арман Сәбитов  аудандағы білім беру мекемелері  алдағы уақытта облыстағы үздік үштіктен көрінетіндігіне сенім білдірді. Оған білікті ұстаздарымыздың потенциалы жететіндігін атап өтті. Сондай-ақ, мұғалімдердің бір-біріне деген жылы қарым-қатынасы маңызды рөл атқарады, бұл өз кезегінде өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбиемен сапалы білім алуына септігін тигізетіндігін айтты. 

Жиынға қатысқан мектеп директорлары жаңа оқу жылында ата-аналарды біріктіріп, оқушылардың қауіпсіздігі – бұл ортақ жауапкершілік екенін және форс-мажорларды алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. 

Жиын соңында аудан әкімі Арман Сәбитов жоғары көрсеткіштерге жеткен мектептер мен мектеп директорларын марапаттады. Арман Сәбитов білім беру саласының қызметкерлерімен ашық пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер