Ордабасы ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ордабасы ауданында жаңа оқу жылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бадам ауылдық округіндегі Дербес елдімекеніндегі С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты 1 қыркүйек – Білім күнімен тұспа-тұс келген еді. 

Screenshot_15.jpg

Мерекелік іс-шараны мектептің «Асылым» бишілер тобының орындауындауы қазақтың ұлттық «Сылқылдақ» биімен ашты. Салтанатты іс-шараға облыс әкім аппаратының басшысы  Еркеғали Амантайұлы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Талғатұлы, аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы қатысып, мектеп ұстаздары мен шәкірттеріне өз ыстық лебіздері мен құттықтауларын жеткізді.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласына көрсеткен қолдауының арқасында өңірлерде заманауи талапқа сай білім беру мекемелері мен жаңа ғимараттар көптеп салынуда. Облыс басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасымен өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына облыста қолайлы жағдай жасалған. Жалпы мемлекеттік меншіктегі С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы 2021 жылы басталған еді. 3 қабатты сәулетті білім беру мекемесінде асхана, спорт зал, химия, биология, интернет, компьютер бөлмесі мен оқу залы, шет тілі пәндеріне арналған кеңселер бар. Бөлме іші соңғы үлгідегі құралдармен толық жабдықталған. Жалпы биылғы оқу жылында Ордабасы ауданы бойынша білім беретін 72 мектеп бар. Оның ішінде 66 мемлекеттік, 6 жеке меншік мектеп. Жалпы 37149 оқушының 3 405-і бірінші сыныпқа қабылданып, әліппемен таныспақ. Сондай-ақ жалпы ауданда 3 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта 2 жалпы орта мектептің оқу ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдары аралығында ауданда 5 мектеп құрылысы салынады, -  деді облыс әкім аппаратының басшысы  Еркеғали Амантайұлы.

1-сынып бүлдіршіндерінің әсем әні, құттықтау тілектері тыңдалды. Салтанатты жиын қонақтары, еңбек ардагерлері, 11-сынып оқушылары  мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған  1-сыныптарға   Әліппе кітабын табыстады. Келген қонақтармен жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімі өткізіліп, мектеп ішін аралап, пән кабинеттерімен танысып, ашық тәрбие сағаттарына қатысты. 

- Мектепте химия, физика, еңбек және информатика кабинеттері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен және интерактивті тақтамен жабдықталған. Тігін үйірмесіне толықтай жабдықталған бөлме, кең спорт залы, асхана және медициналық бөлмесі бар. Әрбір бөлме арнайы құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталған. Өртке қарсы дабыл қаққыш, сыртқы және ішкі бейнебақылау камералары, жеделсаты да  орнатылған. Күні ертең осы білім ордасынан ғылым мен білімді меңгеретін еліміздің талай таланттары шығатынына сенім білдіреміз, - деді аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер