Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласына баса мән берді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деді Президент Жолдауында. Бұл талап үдесінен Сарыағаш ауданының білім бөлімі табысты шығып келеді.
Жалпы Сарыағаш ауданында 92 білім ошағы жұмыс істейді. Оның 70-і жалпы орта, 4-еуі негізгі орта, 3-і бастауыш мектеп болса, 15 жекеменшік білім ошағы. Күндізгі орта білім беру ұйымында 58151 оқушы білім алып, тәрбиеленуде.
Өткен оқу жылына 5988 бала 1-сыныптың табалдырығын аттады. Ал мектепті оқу жылы соңында 3093 оқушы бітірді. Оның 2815-і қазақ, 156-ы орыс, 9-ы өзбек, 113-і тәжік тілінде аяқтағандар. Олардың 2327-і, яғни, 75,2 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 158 түлек «Алтын белгі», 228 түлек ерекше үлгідегі «Үздік аттестат» иегері атанды. Ал, 9-сыныпты бітірген 4815 оқушының 494-і «Үздік аттестат» алды.
Бұдан бөлек, 5967 оқушы бастауышты бітірсе, жаңа биылғы оқу жылында жоспар бойынша 5910 оқушы 1-сыныпқа қабылдануда. Бүгініг таңда 5545 оқушыдан өтінім беріліп, құжаты қабылданды. Жаңа оқу жылында «Мектепке жол» акциясы аясында бір реттік аз қамтылған отбасының балаларына, жалпы 3072 балаға (1 балаға 40567 теңге) 124626 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Одан бөлек 613 оқушыға 24 867,5 мың теңге қосымша қаржыға өтінім берілді. Өтінімнің оң нәтиже тапқан жағдайда, Білім бөлімінің бұғатталған есеп шоты ашылған сәттен бастап толық аударылатын болады.
Өткен оқу жылында күніне бір реттік ыстық тамақпен 1687 бала қамтылса, жаңа оқу жылынан бастап 1-4-сыныптың 23900 оқушысын қамту жоспарланып отыр.
Трезидентіміз Жолдауында «Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан, балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет» дейді Президент.
Бүгінгі таңда Сарыағаг ауданында 217 балабақша жұмыс істесе, оның 15-і мемлекеттік, 202-і жекеменшік. Бүгінгі күні 2-6 жастағы 23050 бала балабақшаға барады. Барлық мектепке дейінгі мекемелер толықтай бейнебақылаумен қамтылған.
Бүгінгі таңда балабақшалардағы кезек саны 1279 орынды құрайды. Сонымен қатар, 2023 жылы «Balabaqsha Smart Nation» - мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталы арқылы балалардың келу күндеріне сәйкес қаржы есептеліп, облыс әкімініңі қаулысына сәйкес қаржыландырып отыр. Яғни, бір айдың ішінде тәрбиеленуші бала келмеген күндеріне қаржы төленбейді.
Өскелең ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойындағы қасиеттерді дамыту мақсатында өткен оқу жылынан бастап аудан оқушылары арасында 5-ке жуық аса ірі іс-шаралар өткізіліп, оған екі мыңнан аса мектеп оқушылары қатысты. Атап айтсақ, аудандық білім беру ұйымдарында дебат клубтарына 1000-ға жуық оқушы қатысса, ал, «Адал ұрпақ», «Мектеп Парламенті», «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына жалпы 45793 оқушы тартылды.
Сонымен қатар, Сарыағаш ауданы бойынша білім беру ұйымдарында спорттық, қолөнер, ән-би және пәндік үйірмелерге 42868 оқушы қатысуда. Бұл жалпы білім алушылардың 73,7 пайызын құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру жоспарға сәйкес жүргізілді. Жалпы Сарыағаш ауданында «Балдаурен» сауықтыру лагері 5 науқанда 1776 баланы қамтыды. Сондай-ақ өткен оқу жылында Ақмола мен Алматы облыстарындағы Көкшетау, Қапшағай қалалары мен Төлеби ауданындағы «Балдәурен» және Алматы қаласындағы «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерлеріне Сарыағаш ауданынан 180 оқушы барып, демалып қайтты. Қазақстан халқына қоры есебінен ауданы бойынша 350 оқушы жазғы сауықтыру лагерлеріне барып, демалуға мүмкіндік алды. Жалпы аудан бойынша 2306 бала жазғы сауықтыру лагерінде демалды.
Білім саласында тәрбие мен білім сапасын көтеретін де, шешетін де кадр мәселесі. Бүгінде Сарыағаш ауданы бойынша 5685 педагог бар. Оның жоғарғы санатысы – 120, бірінші санатта 238, екінші санатта 239 мұғалім жұмыс істеуде. Жаңа форматтағы біліктілік санаттар бойынша айтсақ, педагог-шебер 113, педагог-зерттеуші 1074, педагог-сарапшы 1448, педагог-модератор 1050. Мұғалімдер өткен оқу жылы оқушылардың ғылыми-жаратылыстану және оқу сауаттылығын, сындарлы ойлауын дамыту, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту бойынша биология, география, математика, физика PISA пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» 432, Педагогикалық шеберлік орталықтың ұйымдастыруыменен – 235 мұғалім біліктілігін арттырды. Ал биыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» 1210 мұғалімдерді оқыту жоспарлануда. Одан бөлек Педагогикалық шеберлік орталықтың ұйымдастыруыменен 648 педагогтардың біліктілігін арттыру жоспарлануда.
Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 77 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілілген. Өткен оқу жылында, ҚР Білім және ғылым және Ішкі істер министрліктерінің 2019 жылы 23 қаңтардағы бірлескен бұйрықпен бекітілген стандартқа сәйкес, 55 мектептің бейнебақылау камералары жергілікті полиция бөліміне интеграцияланды. Қалған 22 мектептің оптикалық байланыс болмауына байланысты интеграцияланбаған. Бұл бойынша тиісті органдармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Сарыағаш ауданына 85 комплект бейнебақылауларға бюджеттен 70 999 мың теңге қаралып, барлық мектептердің бейнебақылау жүйесі толығыменен жаңартылатын болады. Сонымен қатар, аудан бойынша мамандандырылған күзетпен шешу жоспарланған. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында мамандандырылған күзетпен шешу үшін қыркүйек-желтоқсан айларына жалпы 79514,1 мың теңге қаралған. Оның қыркүйек, қазан айларының қаржысы 39757 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланып қойылған. Ал, қараша, желтоқсан айларының 39757 мың теңге қаражаты ашық конкурс өткізу үшін Мемлекеттік сатып алу басқармасына өтінім берілген.
Биыл аудан бойынша 700 оқушыдан көп 36 мектепке турникеттер орнату үшін бюджеттен 82140 мың теңге қаражат бөлініп, Мемлекеттік сатып алу басқармасына ашық конкурс өткізу үшін өтінім берілді.
Аудан бойынша мектептерді ішкі әжетханалармен қамтамасыз жоспарланған болатын. Бұл бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылды. Сонымен бірге 18 мектептің сыртқы қоршауын қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Мектеп оқушыларын сапалы оқулықпен қамту да маңызды іс-шараның бірі. Аудандағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта мектептердің оқушылары жыл сайын оқулықпен 100 пайыз қамтылып келеді. Сонымен қатар 2023-2024 оқу жылына 1-11 сыныптардың жетіспейтін жалпы 113575 дана оқулықтарға білім бөлімі тарапынан тиісті өтінімдер Білім Басқармасына берілді. Тапсырыс берілген оқулықтар қыркүйек айына дейін арнайы баспалардан ауданға жеткізілу жоспарлануда.
Оқушылардың тасымалы да талапқа сай ұйымдастырылуда. Ауданда мектебі жоқ 11 елді мекен оқушылары 19 мектепке тасымалданады, ондағы бала саны 2155. Аудан бойынша 15 авто көлік бөлініп, бұл оқушылар тасымалмен қамтылған. Ал жаңа оқу жылында 2748 оқушыны тасмалдау үшін Сарыағаш ауданы бойынша оқушыларға арналған жалпы жаңа мемлекет берген 10 автобус және мердігерлер есебінен 13 авто көлік қызмет көрсетеді.
Ауданда құрылыс саласында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, өткен жылы 7 мектептің құрылысы басталып, биыл №56 бастауыш, №43 ӘлФараби, 900 орындық Самал, №12 С.Сейфулин атындағы орта мектептердің ғимараттары пайдалануға берілді. Алда Ғ.Мұратбаев, Н.Әбдіров, Б.Омаров атындағы орта мектептерді жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Биылдан бастап Президентіміздің тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алынды. Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда ауданымызда осы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 2023-2025 жылдар аралығында 10 мектеп салу жоспарланған. Атап айтсақ, Сарыағаш қаласында 1500, 900 және 300 орындық үш мектеп, Ынтымақ елді мекенінде 600, Дербесек ауылында 900, Жаскешуде 900, Еңкесде 900, Ақ үйде де 900, Таскескен елді мекенінде 600, Көктерек кентіде 600 орындық мектеп салу көзделген.
Биыл 9 мектепке күрделі жөндеу «Ауыл - ел бесігі» жоба аясында жүргізілуде. Оның ішінде 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал, 5 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталады. Алайда 1 мектептің (№16 Панфилов) күрделі жөндеу жұмыстары бітуіне қауіп бар.
Бұдан бөлек, 2 мектеп жергілікті бюджеттен қолдау тауып №6 Аймаутов атындағы орта мектебі пайдалануға берілді, ал №13 «Мәңгілік ел» мектебі биыл берілуі керек. Жалпы 11 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, өткен жылы қазандығы (жай пеш) мектептің ішінде орналасқан 3 мектеп сыртқа шығарылса, 6 мектеп қатты отыннан табиғи газға ауыстырылды. Биыл 18 мектептің қатты отыннан газға ауыстыру бойынша бюджеттен 354722,5 мың теңге бөлініп мердігерлер белгілі болды. Жылу маусымына дейін 18 мектептің қатты отыннан табиғи газға көшіру жоспарлануда.
Ағымдағы жөндеулер бойынша 66 мектепке 45 270 мың теңге қаралып, тиісті краска, эмульсия, әк жеткізілді. Одан бөлек 5 мектепке сметалық құжаттар сызылып, ағымдағы жөндеулер жалпы 31620,6 мың теңге қаралып, жүргізілуде. Оқу жылы басталғанға дейін толығымен аяқталатын болады. Сонымен қатар жылу маусымынан керек заттар бойынша тізім жинақталып, үнемделген қаржыдан 31 миллион теңге қаралып отыр.