Түркістан облысында жаңа оқу жылында 5 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістан облысында биыл 1-сыныпқа баратын оқушылар саны артқан. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, жалпы биыл Түркістан облысында 51 621 оқушы 1-сыныпқа қабылданған.

Screenshot_26.jpg

Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4- сыныпта оқитын 188 мыңға жуық бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Облыста салынып жатқан 33 мектептің бесеуі 1 қыркүйекте тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында білім саласына ерекше міндеттерді жүктегені белгілі. Жолдаудан туындаған тапсырмалар аясында облыста көп жұмыс атқарылуда. Сонымен бірге жаңа оқу жылына дайындық барысы біздің тұрақты бақылауымызда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды да білім саласына қатысты мәселелерге үнемі көңіл бөліп, бақылап отырады. Өткенде облыс әкімі жанында өткен кеңесте де аймақ басшысы облыстағы жалпы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі мен жылу маусымына дайындығын күшейтуді тапсырған болатын. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарынының уақытылы аяқталуын жіті қадағалауды жүктеді. Білім беру ошақтарының жаңа оқу жылына толық дайын болуын, барлық балабақша, мектепке автобус тасымалдауы жайында тапсырмалар берген еді. Бізге жүктелген бұл тапсырмалар толық орындалуда, - дейді басқарма басшысы.  

Облыстағы мемлекеттік 1 мың білім беру мекемелері 100 пайыз дабыл батырмаларымен қамтылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.  Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс білім беру ұйымдары күзет фирмаларымен келісім-шартқа тұруда. Қажеттікке байланысты беру ұйымдарының қоршауы жаңартылуда. Ішкі әжетханасын ретке келтіруі тиіс 89 мектепте кәріз жүйесін ретке келтіруі жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

- Балаларымыздың сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалуы тиіс.  білімді ұрпақ – біздің басты құндылғымыз. Сондықтан оқудың барлық кезеңінде балаларға қолайлы жағдай жасау – бізідің негізгі міндетіміз. Жаңа оқу жылына дайындық,  мектепке тасымалдау, білім ұяларының жылыту маусымына дайындығы қатаң бақылауда, - деді Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұл. 

Ал осы салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, бүгінгі таңда облыстағы 28 мектептің жылу жүйесі газға өткен. Бұл жұмыстарға 70 мектепке бюджеттен 1 миллиард 665 миллион теңге қаралған. Білім беру мекемелерінің жылыту жүйелеріне гидравликалық сығымдаудан өткізіліп жатыр екен. 

– Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұған облыстық бюджеттен 6 миллиард 197 миллион теңге қаралған. Облыста жалпы 33 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 1 қыркүйекте 5 мектеп тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мерзімінде аяқтамаған мердігер компанияларға заңнама талаптарына сәйкес шара көріледі. Соның бірі Сарыағаш ауданындағы, №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер «Шаңырақ-21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынды, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Облыс бойынша 180 елді мекенде 15 225 бала мектепке тасымалданады. «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арқылы 101 жаңа заманауи автобустар алынған. Олар 101 мектепке жеткізілді. Жаңа оқу жылында оқушылар тасымалы мемлекет теңгеріміндегі 120 және мердігер фирма меншігіндегі 68 автобуспен ұйымдастырылады.

Әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасы және оқу құралдарын алуға облыстық бюджеттен 1 миллиард 316 миллион теңге бөлінді. Осы санаттағы 32 455 балаға 40 567 теңгеден қаралып, ата-аналарының шоттарына қаржылай аударым жасалған. Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам оқушы қамтылмақ екен. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер