Түркістан қаласында «Облыстық білім беруді дамыту» орталығында тәрбие жұмысының барысы талқыланды

Түркістан қаласында өткен тамыз кеңесі аясында «Біртұтатас тәрбие бағдарламасы: зерттеулер мен іске асыру тетіктері» атты жұмыстың таныстырылымы өтті. 

Screenshot_27.jpg

Тәрбие семинарына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының» директоры Анар Тәңірбергенова және Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жетекші сарапшысы Қуандық Тайболатов қатысты. 

Семинарды Түркістан облысы Білім басқармасының «Облыстық Білім беруді дамыту» орталығының директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлы жүргізіп отырды.

Сондай-ақ, облысымыздың педагог қызметкерлері, білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік кабинеттің әдіскерлері қатысып, бағдарламаға қатысты ойларын ортаға салды.

Аталған жиында  сала мамандарымен «Біртұтатас тәрбие бағдарламасы» толық талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Бала тәрбиесінің маңыздылығы айшықталып, сұрақ-жауап арқылы қызметкерлер көкейдегі сауалдарына жауап ала алды. 

Тамыз кеңесіне арнайы келген спикерлер республикалық педагогтер жиынында Түркістан облысына берілген  негізгі тақырып «Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие» атты идея рухани астанаға жайдан-жай берілмегенін атап өтті. Қаймағы бұзылмаған, қазақылықты ұстанған өлке үшін тәрбие деген ұғымның алыс емес екендігін тілге тиек етті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер