Түркістан қаласында тамыз кеңесіне қатысушылар оқушылар сарайының жұмысымен танысты

Түркістан қаласында тамыз кеңесі өтті. Түркістанда ұйымдастырылған білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің секциялық жұмыстары жүргізілді.

Screenshot_30.jpg

Осы орайда, білім беру саласындағы ең ауқымды әрі маңызды жиынға қатысушылар «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубына да экскурсия жасап, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану бағытында атқарылып жатқан орталықтың жұмыстармен танысты. 

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, мұнда балалар ондаған үйірмелерге қатысып, білімдерін арттыруда екен. Жалпы саны 50-ге жуық білім саласының майталмандары облыс орталығындағы бірегей нысанның мүмкіндіктері мен оқушылардың білім алуына оң бағаларын берді. 

Атап айтсақ, зергерлік және құмыра жасау өнеріне қызығушылықтарын танытып, үйде жұмыссыз отырған көпбалалы аналарға кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгертетін «Ісмер ана» жобасына қатысты жақсы ойларын жеткізді. Сонымен бірге, еліміздегі жалғыз робототехника және наноспутник үйірмесіне ерекше назар аударып, Оқушылар сарайының авторлық мультфильмі мен эстрадалық вокал үйірмесінің дайындығын тамашалады. Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру бағытында қолға алынған «Аялы алақан» жобасын талқылап, ғимарат дизайны мен қолөнер бұйымдарынан жүн жасау процесіне қызығушылық танытты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер