Ұлағатты ұстаз 9 перзент тәрбиелеп отыр

image.png

Келес ауданы халық тығыз орналасқан аймақтардың бірі болғандықтан өңірде көп балалы отбасылар саны жыл сайын артуда. Осындай отбасының отағасы, тоғыз перзенттің әкесі Қалаубек Муслимов 22 жылдан бері балаларға үздіксіз білім беріп келеді. Игілік елдімекенінде орналасқан №10 «Игілік» жалпы білім беретін мектебінің ұжымы Қалаубек Ұлыбекұлын білікті маман ретінде ғана емес, отбасының тірегі болып отырған көп балалы әке ретінде таниды. 

- Алты ұл, үш қызым бар. Тұңғышым Қарағанды қаласындағы Ішкі Істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алса, кішкентайымыз бір жасар. Өзім Шымкент қаласында жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мектеп мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Содан бері ұстаздық жолды жалғастырып келемін. Қазіргі таңда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін де қоса атқарып жүрмін. Жалпы мектептерде ер мұғалімдер санын арттыру керек деп ойлаймын. Сондықтан шәкірттеріме де, әсіресе ұл балаларға ұстаздық жолды таңдауға кеңес беремін,-дейді тоғыз перзенттің әкесі. 

 Айта кету керек, Қалаубек Муслимовтың жұбайы да білім саласында еңбек етеді. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін Перизат Ыбракимқызы да жолдасына қашан да қолдау білдіріп отырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер