Аты затына сай ұстаз

image.png

Ленгір қаласындағы №2 арнайы мектеп-интернатта көп жылдан бері Мұғалима есімді тәрбиеші жұмыс істейді. Аты да, заты да ерекше Мұғалима Әбдіқадыровадан есімінің қойылу тарихы туралы сұрағанымызда:

- Кезінде апам мектеп буфетінде жұмыс істеді. Сол жылдары мектеп мұғалімдерімен араласып, сыйласты. Дүниеге келгенімде осы ұстаздардың құрметіне маған Мұғалима деген есім беріпті, - деді.

Мұғалима Нұрсәбитқызы туралы әріптестері жақсы пікір білдіруде. Солардың бірі - жоғарыда аталған мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанерке Бауыржанқызы:

«Мұғалима – тәрбиеленушілермен де, әріптестерімен де, ата-аналармен де жақсы тіл табыса білетін педагог. Бастысы, ол балаларды жақсы көреді. Олармен жұмыс жүргізу қолынан келеді. Екі жоғары білімі, 16 жылдық педагогикалық өтілі бар. Екінші мамандығы – дефектолог. Бұл – біздің арнайы мектеп-интернат үшін өте маңызды. Жалпы, Мұғалима Нұрсәбитқызы, жауапкершілігі биік педагог. Оған жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу тапсырылған. Біле-білгенге осы жастағы тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу оңай шаруа емес. Мұны қиынсынбайтын Мұғалима әріптесімнің жұмысына өз басым дән ризамын, - дейді.

Мақтаса, мақтағандай-ақ. Мұғалиманың өзімен тілдесіп, ол туралы сұрастырсаңыз, осы бір ерекше есім иесінің шынында да жақсы адам, жақсы маман екеніне көз жеткізесіз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер