Ордабасы аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес аудан мектептерінде "Мәңгілік ел- мәртебелі тіл " тақырыбында өткізілген онкүндіктің қорытынды кеші болып өтті. Онда оқушыларымыз қазақ,орыс,ағылшын тілерінде ән-би, көрініс,хор, айтыс, күйлерін тарту етсе,өзге ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетті.
Кеш барысында Аманкелді, Ш.Уәлиханов, Бәйтерек, Темірлан, С.Нұрамағанбетов атындағы жалпы орта мектептерінің оқушыларының дайындығын ерекше айтуға болады. Сонымен қатар көркем сөз оқу, сурет, эссе, зерделеу жоба, көрме, әдеби кештерінің қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды.
Бұл шаралар осы онкүндік аясында ғана шектелмей әрі қарай жалғасын табады. Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттырамыз.
Тіл - анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын баға жетпес асыл қазына. Тілді қастерлеу, оны заман ағымына сай қолдану аясын кеңейту, мәртебесін асқақтату әрбір қазақстандықтың борышы.