Ұшқыр ойлы оқушылар пікірлесті

image.png

Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Дебат қозғалыстары» үйірме жетекшісі Амантай Бағдәулет "Ар-ұят және жауапкершілік" тақырыбында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды жетілдіру, адам өміріндегі орнын айрықша таныту, адамгершілік пен ар-намыс мәселелерін талқылау мақсатында ұшқыр ой алаңы өтті.

Қай заманда болмасын адамға тән адалдық, бауырмалдық, жанашырлық, азаматтық, қарапайымдылық тәрізді асыл қасиеттер жоғары бағалану керектігі жайында ойларын ашық жеткізді. Жақсылық пен жамандық, ақ пен қараның арасында мәңгілік күрестің жүріп жататыны сияқты адамдық қасиеттердің мәнін солғындатып, көлеңке түсіретін жағдайлар да бұл өмірде болып жататынығын да ескеріп өтті.

Қорытынды сөзде 8 сынып оқушысы Тәжітай Шапағат өзінің жеке шығармашылығындағы «Адалдық» өлеңін айтып, достарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, білім ошағындағы «Дебат қозғалыстары» үйірмесінің негізі мақсаты:  білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту;  қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды

 талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу,   дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту; оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылау мен шешудегі жауапкершілік, қатыстылық сезімін қалыптастыру болып табылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер